БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
«Ұлттық геологиялық қызмет» АҚ-да
Директорлар кеңесінің күн тәртібі мәселелері бойынша отырысы өтті
2025 жылғы 11 шілде Астана қ.
2025 жылғы 11 шілдедегі «Ұлттық геологиялық қызмет» АҚ (бұдан әрі-Қоғам) Директорлар кеңесінің кезекті отырысы өтті, оған Директорлар кеңесінің келесі мүшелері қатысты: И.Ш. Шархан, Е.Е. Акбаров, Б.Х. Сыздыков, А.Ж., Кушелеков, Е.Ф. Галиев, сондай-ақ Қоғам өкілдері.
Директорлар кеңесінің өткізілген отырысының қорытындысы бойынша мынадай негізгі шешімдер қабылданды:
Қоғамның жылдық қаржылық қызметінің қорытындылары бойынша бөлімді толықтыруды ескере отырып, Қоғамның 2024 жылғы қызметі туралы жылдық есеп бекітілді. Бұл ретте, Директорлар кеңесі қабылдаған шешім Директорлар кеңесі Қоғамның 2024 жылғы аудиттелген жылдық қаржылық есептілігін алдын ала бекіткеннен кейін күшіне енеді.
Сондай-ақ, Қоғамдағы корпоративтік басқаруды диагностикалау әдістемесі, Қоғамның Корпоративтік хатшысының лауазымдық нұсқаулығы, Қоғамның Корпоративтік хатшысы туралы ереже бекітілді. Бұл ретте Қоғамның Директорлар кеңесінің 2022 жылғы 01 қарашадағы шешімімен бекітілген Қоғамның Корпоративтік хатшысы туралы ереже (№2-2022-1 хаттама) жойылды.
Сонымен қатар, Қоғамның Директорлар кеңесі туралы ережені жаңа редакцияда Қоғамның Жалғыз акционерінің бекітуіне оны бекіту ұсынысымен шығару және қолданыстағы редакцияны жоғалтуға қою алдын ала келісілді.
Қоғамның міндеттемелері ұлғайтылды және Қоғамның ірі мәмілесі мақұлданды, оның мәні бастапқы геологиялық ақпаратты цифрландыру қызметі болып табылады.
Бұдан басқа, Қоғамның 2024 жылғы ЖҚЕ пысықтауға және Қоғамның 2024 жылғы таза табысын бөлу тәртібі, жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу және қоғамның бір жай акциясына есептегенде дивиденд мөлшері бойынша ұсыныстар жіберілді. Бұл ретте, Қоғам басқармасына аталған мәселелерді Қоғамның Директорлар кеңесінің сырттай отырысына 2025 жылғы 15 тамызға дейінгі мерзімде қайта шығару және 2025 жылдың қорытындысы бойынша сыртқы аудит жүргізуге техникалық тапсырманы (техникалық ерекшелікті) қалыптастыру кезінде мүдделі бөлімшелердің (ішкі аудит қызметі, қаржы-экономикалық блок және басқа да бөлімшелер қажеттілігіне қарай) өкілдерін тарту тапсырылды) кейіннен Қоғамның Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитеті алдын ала келісуге шығара отырып жүзеге асырылады.