Корпоративтік басқару рейтингі
АО «Ұлттық геологиялық қызметі» корпоративтік басқаруды дамыту және жетілдіру жұмыстарын қызметінің ашықтығын арттыру, басқару органдарының есептілігін қамтамасыз ету және қабылданатын шешімдердің тиімділігін жоғарылату мақсатында жүйелі әрі кезең-кезеңімен жүзеге асырады.
Қоғамдағы корпоративтік басқару Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарын, уәкілетті мемлекеттік органдардың ұсынымдарын, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор ұйымдарында қолданылатын корпоративтік басқарудың үздік тәжірибелерін ескере отырып қалыптастырылады.
Корпоративтік басқару саласындағы мақсаттарды айқындау және ілгерілеуді мониторингтеу үшін Қоғамда ішкі реттеуші құжаттар, оның ішінде Жарғы, Директорлар кеңесі және оның комитеттері туралы, атқарушы орган, корпоративтік хатшы, тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау жүйелері туралы ережелер пайдаланылады.