Омбудсмен

Омбудсмен институты

Омбудсмен институты «Ұлттық геологиялық қызмет» АҚ (бұдан әрі – ҰГҚ) жанынан мына мақсаттар үшін құрылды:

  • ҰГҚ лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің іскерлік этика принциптерін сақтауы;
  • корпоративтік жанжалдар мен әлеуметтік-еңбек дауларының алдын алу және шешу бойынша шараларды күшейту;
  • ҰГҚ-да жағымды корпоративтік климат құру.

Омбудсменнің негізгі функцияларының бірі – алдын ала ескерту, даулар мен жанжалдарды шешу, жүйелі сипаттағы және тиісті шешімдер қабылдауды талап ететін проблемалық мәселелерді тиісті органдар мен лауазымды тұлғалардың назарына жеткізу арқылы ҰГҚ-ның корпоративтік мәдениетін қамтамасыз ету және жетілдіру, сондай-ақ оларды шешу бойынша ұсыныстар енгізу. Қызметі **Омбудсмен туралы ережемен** реттеледі.

ҰГҚ Омбудсмені туралы мәліметтер

Тұрлыбеков Нұрбол Сәрсенұлы

Тұрлыбеков Нұрбол Сәрсенұлы

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Туған күні: 21.06.1975
Білімі:
1996 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Әлеуметтік педагогика және психология» мамандығы бойынша бітірді. 2010 жылы Б. Бейсенов атындағы Қазақстан Республикасы ІІМ Қарағанды заң институтында «Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алды.
**Жұмыс тәжірибесі:**
1999 жылдан 2014 жылға дейін ішкі істер органдарында қызмет атқарды. 2014 жылдан 2017 жылға дейін жеке құрылымдарда жұмыс істеді. 2017 жылдан 2022 жылға дейін «Ұлттық спорт түрлері орталығы» РМК-да жұмыс істеді.

Өтініштер

Кез келген ҰГҚ қызметкері немесе басқа тұлға, егер басқа қызметкерлердің, контрагенттердің немесе ҰГҚ-мен өзара әрекеттесетін басқа тұлғалардың әрекеттерінің заңдылығына күмән туындаса, бұл туралы басшылыққа, оның тікелей басшысына, Омбудсменге келесі арналар және байланыс құралдары арқылы хабарлай алады:

Мекен-жайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қ., Ә. Мәмбетова көш., 32, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитетінің ғимараты.

Телефон: +7 701 599 56 10

Электрондық пошта: n.turlybekov@geology.kz

Барлық өтініштер белгіленген тәртіппен және мерзімде қаралады, келешекте ұқсас жағдайлардың қайталану ықтималдығын азайту үшін тиісті шаралар қабылданады және өтініш берушілерді қарау нәтижелері туралы хабардар етіледі.


PDF icon
ҰГҚ АҚ Омбудсмені туралы ереже

Back to top button