Корпоративтік басқару
Корпоративтік басқару
Корпоративтік басқару жүйесі – қызметті басқаруды және оған бақылауды, сондай-ақ акционерлер, Директорлар кеңесі, Басқарма және мүдделі тараптар арасындағы өзара қарым-қатынас жүйесін қамтамасыз ететін процестердің жиынтығы.
Корпоративтік басқару практикасын құру мен жақсартудың негізгі құжаты Корпоративтік басқару кодексі болып табылады – бұл құжат ҰГҚ корпоративтік басқару кодексі
Корпоративтік басқару құрылымы
Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының 2022 жылғы 01 маусымдағы № 290 бұйрығымен бекітілген Қоғам Жарғысының 23-тармағына сәйкес Қоғамның басқару құрылымы мынадай басқару органдарынан тұрады:
| Жоғарғы орган | Жалғыз акционер |
|---|---|
| Басқару органы | Директорлар кеңесі – Қоғамның даму жоспарын әзірлеуге, оның қызметіне жалпы басшылық жасауға және Қоғам Басқармасының қызметін бақылауға жауапты басқару органы. |
| Атқарушы орган | Басқарма – Қоғамның ағымдағы қызметіне басшылық жасайтын және Директорлар кеңесі мен жалғыз акционер айқындаған стратегияны іске асыратын орган. |
| Ішкі аудит қызметі | Директорлар кеңесіне есеп беретін және Қоғамның қаржы-шаруашылық қызметіне бақылау жасайтын орган. |
Корпоративтік басқару схемасы