Жарғы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының
міндетін атқарушының 2018 жылғы « 12 » Қазан
№ 1000 бұйрығымен бекітілген

PDF нұсқасын жүктеп алу

«Қазгеоақпарат»
республикалық геологиялық ақпарат орталығы»
жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің

Ж А Р Ғ Ы С Ы

1. РГАО-ның ЗАҢДЫҚ МӘРТЕБЕСІ

1. «Қазгеоақпарат» республикалық геологиялық ақпарат орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі – РГАО) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 25 маусымдағы № 376 қаулысына сәйкес құрылды.РГАО қайта ұйымдастырылған «Қазгеоақпарат» республикалық геологиялық ақпарат орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің және «Қазақстан Республикасы Геология және минералдық ресурстар ақпараттық-талдау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының құқықтары мен міндеттері бойынша құқық мирасқоры болып табылады.2. РГАО Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылады және өз қызметін Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 сәуірдегі Заңына (бұдан әрі – Заң) және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне (бұдан әрі – Заңнама), сондай-ақ осы Жарғыға (бұдан әрі – Жарғы) сәйкес жүзеге асырады.3. РГАО әділет органдарында мемлекеттік тіркелген сәттен бастап заңды тұлға мәртебесіне ие болады. 4. РГАО-ның қаржылық және өндірістік қызметі шаруашылық дербестік негізінде жүзеге асырылады. 5. РГАО-ның дербес балансы, банктық есеп-шоттары, толық фирмалық атауы мемлекеттік және орыс тілдерінде көрсетілген мөрі болады. 6. РГАО-ның өз тауарлық белгісі болады және РГАО-ның Бас директоры бекітетін және белгіленген тәртіппен тіркелетін өзге де төлнышаны, үлгілері, сондай-ақ мемлекеттік, орыс тілдеріндегі мөртабандары, фирмалық бланкілері және басқа да деректемелері болуы мүмкін.

2. РГАО-ның АТАУЫ, ОРНАЛАСҚАН ЖЕРІ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУ МЕРЗІМІ

7. РГАО-ның атауы:мемлекеттік тілдегі толық атауы – «Қазгеоақпарат» Республикалық геологиялық ақпарат орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қысқаша – «Qazgeoaqparat» JSS;орыс тіліндегі толық атауы – Товарищество с ограниченной ответственностью «Республиканский центр геологической информации «Казгеоинформ», сокращенное – ТОО «Казгеоинформ»;ағылшын тіліндегі толық атауы – Limited Liability Partnership «Republican center for geological information Kazgeoinform», сокращенное – LLP «Kazgeoinform».8. РГАО-ның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Алматы ауданы, Б. Момышұлы даңғылы, № 16 үй, 6 тұрғын емес үй-жай.9. РГАО-ның қызмет ету мерзімі – шектеусіз.

3. РГАО-ның ҚҰРЫЛТАЙШЫЛАРЫ ЖӘНЕ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ

10.РГАО-ның құрылтайшысы Қазақстан Республикасы Үкіметі атынан Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті (бұдан әрі – ММЖК) болып табылады. Оның орналасқан мекен-жайы:Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 11.БСН 980240000950ЖСК KZ92070101KSN0000000БСК KKMEKZ2AҚР ҚМ Қазынашылық комитеті ММ.11. РГАО-ның жарғылық капиталындағы мемлекеттің қатысу үлесін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 25 маусымдағы № 376 қаулысына сәйкес және тиісті қабылдау-тапсыру актісі негізінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті (бұдан әрі – Жалғыз қатысушы) жүзеге асырады. Оның орналасқан мекен-жайы:Астана қаласы, Ә. Мәмбетов көшесі, 32.БИН 980540000872ИИК KZ92070101KSN0000000БИК KKMFKZ2AҚР ҚМ Қазынашылық комитеті ММ.

4. РГАО-ның ҚҰРЫЛТАЙШЫЛЫҚ ҚҰЖАТТАРЫ

12. Осы Жарғы құрылтайшылық құжат болып табылады.13. Барлық мүдделі тұлғалар Жарғымен танысуға құқылы.

5. РГАО ҚЫЗМЕТІНІҢ МАҚСАТЫ, МӘНІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ

14. РГАО мақсаты – дербес шаруашылық қызметті жүзеге асыру барысында таза табыс табу.
15. РГАО қызметінің негізгі мәні геологиялық ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және беру болып табылады.
16. РГАО қызметінің түрлері: 1) Геологиялық ақпаратты орналастыру және өңдеу жөнінде көрсетілетін қызметтер: пайдалы қазбалар қорлары теңгерімдерінің деректерін әзірлеу, сүйемелдеу және талдау; пайдалы қазбалар кен орындары мен көрініс белгілерінің кадастры (мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастры) деректерін әзірлеу, сүйемелдеу және талдау; қатты пайдалы қазбалар объектілері бойынша геологиялық анықтамаларды дайындау; көміртекті шикізат объектілері бойынша геологиялық анықтамаларды дайындау; жерасты сулары объектілері бойынша геологиялық анықтамаларды дайындау; Мемлекеттік дерекқорды цифрлық геологиялық ақпаратпен толтыру; Қазақстан Республикасының қолданыстағы жер қойнайын пайдалану объектілерінің интерактивтік картасын толтыру; Қазақстан Республикасы Ұлттық минералдық ресурстар дерекқорын толтыру; жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарттық міндеттемелерді орындауы жөніндегі есептілік деректерін жинау, өңдеу және талдау; геологиялық деректерді цифрлық өңдеу (жоспарлы); геологиялық деректерді цифрлық өңдеу; Қазақстан Республикасының әкімшілік бірліктері бойынша негізгі басым салалары бойынша минералдық-шикізат базасының жай-күйін талдау; ақпараттық жүйелерде, жасанды және табиғи жеткізгіштерде геологиялық ақпаратты орналастыру; диск кеңістігін және техникалық инфрақұрылымды ақпараттық жүйеде пайдалануға беру. 2) Геологиялық саладағы ақпараттық жүйелер мен дерекқорды сүйемелдеу арқылы ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз ету: Қазақстан Республикасының Жер қойнауын пайдаланатын қолданыстағы объектілерінің интерактивті картасын сүйемелдеу; Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жер қойнауы туралы дерекқорын сүйемелдеу; Қазақстан Республикасының Ұлттық минералдық ресурстар дерекқорын сүйемелдеу; геологиялық ақпараттың телнұсқаларын табиғи жеткізгіштерде және геологиялық ақпараттың көшірмесін жасанды жеткізгіштерде дайындау; Қазақстан Республикасы аумағын геологиялық, гидрогеологиялық, инженерлік-геологиялық, геофизикалық, экологиялық-геологиялық және геохимиялық зерттеудің геоталдауы. 3) Геологиялық саладағы ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-әдіснамалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар: Қазақстан Республикасының аумағы бойынша пайдалы қазбалардың болжамдық ресурстарын бағалау; геология және жер қойнауын пайдалану саласындағы жұмыстарды жүргізуге арналған жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу; тау-кен және мұнай-газ кешендерін дамыту перспективаларын талдау, пайдалы қазбалар кен орындарын барлау және әзірлеу технологиялары. 4) РГАО қызметінің бейіні бойынша картография саласындағы қызметтер: көміртекті шикізат, қатты пайдалы қазбалар мен жерасты сулары бойынша геологиялық бөлулер картограммасын (мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасының барлауға арналған блоктарын) дайындау; көміртекті шикізат, қатты пайдалы қазбалар мен жерасты сулары бойынша тау-кен бөлулер картограммасын (мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасының өндіруге арналған блоктарын) дайындау; Қазақстан Республикасының топографиялық бетінің жағдаяттық сызбаларын дайындау; геологиялық зерттелудің барлық түрлері бойынша барлық ауқымдағы карталарды жасау. 5) Геологиялық саладағы зертханалық-талдау зерттеулері: бастапқы геологиялық ақпаратты қабылдау, зертханалық зерттеу. 6) Геологиялық саладағы конференциялар мен сауда көрмелерін ұйымдастыру мен қатысу: геологиялық саланы дамыту мәселелері бойынша конференциялар, көрмелер ұйымдастыру. 7) Басқа санаттарға енгізілмеген, геологиялық саладағы білім беру қызметтерін көрсету: Геология және жер қойнауын пайдалану саласында мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының жастары арасында оқушылық шараларын жүзеге асыру.
17. РГАО-ның функциялары: 1) құпиялылық режимін, құпия іс жүргізуді және мемлекеттік құпиялары бар мәліметтердің техникалық қорғалуын қамтамасы ету; 2) Геологиялық ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және беру жөніндегі ұлттық оператор ретінде сақтау, жинақтап қорыту, жүйеге келтіру және мүдделі тұлғаларға беру үшін меншіктегі, сондай-ақ мемлекеттің иеленуі мен пайдалануындағы геологиялық ақпаратты жинауды жүзеге асыру. Лицензияның немесе Заңнамада белгіленген тәртіппен алу қажет өзге де рұқсат түрінің болуын талап ететін қызмет түрлері тиісті лицензияларды немесе өзге де рұқсат түрлерін алғаннан кейін ғана жүзеге асырылады.

6. РГАО-ның ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

18. РГАО Заңнамада көзделген барлық құқықтарға ие және барлық міндеттер үшін жауапты. 19. РГАО өзінің Жалғыз қатысушысының мүлкінен оқшауландырылған мүлікке иелік етеді. РГАО өзінің Жалғыз қатысушысының міндеттемелері бойынша жауапты болмайды. 20. РГАО-ның Жалғыз қатысушысы РГАО-ның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, жарғылық капиталы шегінде, РГАО қызметімен байланысты шығындарға ұшырау тәуекелі бар. 21. РГАО өз мүлкі шегінде, өз міндеттемелері бойынша жауапты болады. 22. РГАО мемлекеттің міндеттемелері бойынша жауап бермейді, тиісінше мемлекетте РГАО міндеттемелері бойынша жауап бермейді. 23. РГАО өз атынан мәмілелер (шарттар, келісімшарттар) жасай алады, мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерді сатып ала алады, сотта талапкер немесе жауапкер бола алады, сондай-ақ Заңнамаға қайшы келмейтін басқа да іс-әрекеттерді жүзеге асыра алады.24. РГАО күзет құжаттарын, технологияларды, «ноу-хау» мен басқа да ақпаратты иелену және пайдалану құқығын сатып ала алады және бере алады. 25. РГАО Қазақстан Республикасында және шетелдерде өзінің филиалдары мен өкілдіктерін аша алады, меншігіндегі мүлік есебінен оларға негізгі және айналымдық қаражат бөліп бере алады, олардың қызмет ету тәртібін Заңнамаға сәйкес айқындай алады. Филиалдың немесе өкілдіктің мүлкі олардың жеке балансында және жалпы РГАО балансында есепке алынады. 26. Филиалдардың немесе өкілдіктердің қызметін басқаруды Бас директор тағайындайтын тұлғалар жүзеге асырады. Филиалдардың және өкілдіктердің басшылары РГАО берген сенім хат негізінде әрекет етеді. 27. Өндірістік қызметті жоспарлаумен, қызметкерлердің еңбекақысын төлеумен, материалдық-техникалық жабдықтаумен, әлеуметтік дамытумен, табысты бөлумен, кадрларды іріктеумен, орналастырумен, қайта даярлаумен байланысты барлық мәселелерді РГАО дербес шешеді. 28. РГАО Қазақстан Республикасы аумағында және оның шегінен тыс жерлерде орналасқан банктер мен басқа да қаржылық ұйымдарда, белгіленген тәртіппен, ұлттық валютада, сондай-ақ шетел валютасында есеп-шоттар ашуға құқылы. 29. РГАО Заңнамаға сәйкес, теңгеде және шетел валютасында қарыз алуға және несиелерді пайдалануға құқығы бар.30. РГАО ішкі нормативтік және техникалық құжаттамаларды әзірлейді және бекітеді. 31. РГАО-ның Бас директоры Жалғыз қатысушымен Бас директордың шетелге іссапарларын келіседі және РГОА-ның Бас директордың орынбасарлардың шетелге іссапарлары туралы хабарлайды. 32. РГАО-ның Заңнамада және Жарғыда көзделген басқа да құқықтары мен міндеттері болуы мүмкін.

7. РГАО-ның ЖАЛҒЫЗ ҚАТЫСУШЫСЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

33. РГАО-ның Жалғыз қатысушысы: 1) Заңда және/немесе Жарғыда көзделген тәртіппен, РГАО-ның істерін басқаруға қатысуға; 2) табыс табуға; 3) құпия сипаттағыны қоса алғанда, РГАО қызметі туралы ақпаратты, егер сұрау хатында өзге мерзімдер көрсетілмесе, сұрау хат РГАО-ға келіп түскен сәттен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей алуға, сондай-ақ Заңнамада немесе Жарғыда айқындалған тәртіппен РГАО-ның қаржылық есептілігімен танысуға; 4) РГАО қабылдаған шешімдерге сот тәртібімен дау айтуға; 5) жазбаша сұрау хатын жолдау арқылы РГАО-ға оның қызметі туралы өтініш білдіруге және белгіленген мерзімде уәжді жауап алуға; 6) РГАО таратылған кезде оның мүлкінің бір бөлігіне; 7) өз қаражаты есебінен, аудиторлық ұйымнан РГАО-да аудит жүргізуді талап етуге; 8) Жалғыз қатысушының құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша шешімдер қабылдау жөнінде бастама білдіруге құқылы.
34. Жалғыз қатысушы Заңнамада және/немесе Жарғыда көзделген басқа да құқықтарға ие бола алады.
35. РГАО-ның Жалғыз қатысушысы: 1) Заңнамада және Жарғыда көзделген тәртіппен, РГАО-ның жарғылық капиталына салым салуға; 2) РГАО немесе оның қызметі туралы қызметтік, коммерциялық немесе Заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария етпеуге; 3) Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілеріне сәйкес өзге де міндеттерді атқаруға міндетті.

8. РГАО-ның ЖАРҒЫЛЫҚ КАПИТАЛЫ

36. РГАО-ның жарғылық капиталы Заңда жәнеҚазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде көзделген тәртіппен, оның қызметін қамтамасыз ету үшін берілген мүлік есебінен қалыптасады. Ақша, құнды қағаздар, мүліктік құқықтар (соның ішінде жерді пайдалану объектілеріне құқықтар және интеллектуалдық меншік объектілеріне құқықтар) және Заңда жәнеҚазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде көзделген жағдайлардан басқа, өзге де мүлік РГАО-ның жарғылық капиталына салым бола алады.РГАО-ның жарғылық капиталына берілетін мүліктің құнын Заңнамаға сәйкес берілген лицензия негізінде әрекет ететін бағалаушы айқындайды.
37. Мемлекеттік тіркелу сәтінде толық қалыптасып болған, РГАО-ның жарғылық капиталы 295 451 744 (екі жүз тоқсан бес миллион төрт жүз елу бір мың жеті жүз қырық төрт) теңгені құрайды.
38. Жалғыз қатысушының шешімі бойынша Жарғылық капитал, Заңнамада көзделген тәртіппен, өзгеруі мүмкін.
Жарғылық капиталды оны толық төлегеннен кейін ұлғайтуға жол беріледі және ол Жалғыз қатысушының қосымша салымдар жасауы, РГАО-ның өз капиталы есебінен жарғылық капиталды ұлғайтуы, серіктестіктің құрамына жаңа қатысушыларды қабылдау арқылы жүзеге асырылады. Жарғылық капиталды азайту Жалғыз қатысушы салымының мөлшерін Заңнамаға сәйкес азайту арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Заңда белгіленген ең төменгі мөлшерден төмен жарғылық капиталды азайтуға жол берілмейді.

9. РГАО-ның МҮЛКІ

39. РГАО-ның мүлкі мемлекетпен жарғылық капиталға Жалғыз қатысушы жасаған салымдар, РГАО тапқан табыстар, сондай-ақ Заңнамада тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптасады.
40. Қаржылық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін РГАО Қазақстан Республикасынан, шетелдік банктерден немесе басқа да қаржылық ұйымдардан теңгеде және/немесе шетел валютасында қарыз түрінде қаржыландыру тартуға құқылы.

10. ТАЗА ТАБЫСТЫ БӨЛУ

41. Есепті қаржылық жылда РГАО тапқан таза табыс Заңнамаға және Жалғыз қатысушының шешіміне сәйкес бөлінеді. 42. Жалғыз қатысушының шешімімен айқындалған мөлшердегі таза табысты төлеу шешім қабылданған сәттен бастап он күннен кешіктірілмей жүзеге асырылуы тиіс.43. Мына жағдайларда: 1) РГАО-ның меншікті капиталы теріс мөлшерде болған кезде немесе таза табысты бөлу нәтижесінде меншікті капиталдың мөлшері теріс болып шықса; 2) РГАО Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасына сәйкес төлем қабілетсіздігі немесе дәрменсіздік белгілеріне сай келсе немесе таза табысты бөлу нәтижесінде РГАО-да аталған белгілер пайда болса, таза табысты бөлуге жол берілмейді.

11. РГАО ОРГАНДАРЫ

44. РГАО органдары:
1) РГАО-ның жоғарғы органы – Жалғыз қатысушы;2) атқарушы органы – Бас директор.

12. ЖАЛҒЫЗ ҚАТЫСУШЫНЫҢ АЙРЫҚША ҚҰЗЫРЕТІ

45.Жалғыз қатысушысының айрықша құзыретіне жататын мәселелер: 1) Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу немесе оны жаңа редакцияда бекіту; 2) РГАО-ның Жарғылық капиталын өзгерту туралы шешім қабылдау; 3) РГАО қызметінің басым бағыттарын айқындау; 4) РГАО-ның 5 жылдық даму жоспарын және оның орындалуы жөніндегі Есепті бекіту; 5) РГАО-ның филиалдары мен өкілдіктерін құру және жабу туралы шешім қабылдау, сондай-ақ олар туралы ережелерді бекіту; 6) РГАО-ға тиесілі барлық активтердің жиырма бес және одан жоғары пайызын құрайтын сомада активтердің бір бөлігін немесе бірнеше бөліктерін беру (алу) жолымен өзге заңды тұлғаларды құруға немесе қызметіне қатысу не өзге заңды тұлғалардың қатысушылары құрамынан шығу туралы шешім қабылдау; 7) нәтижесінде серіктестік құны РГАО активтерінің баланстық құнының жалпы мөлшерінен елу бір және одан жоғары пайызды құрайтын мүлікті сатып алатын немесе иеліктен шығаратын (сатып алынуы немесе иеліктен шығарылуы мүмкін) мәмілелерді немесе өзара байланысты мәмілелер жиынтығын РГАО-ның жасасуын мақұлдау туралы шешім қабылдау; 8) белгіленген тәртіппен, РГАО-ның қаржылық есептілігіне аудит жүргізетін аудиторлық ұйымды және оның көрсеткен қызметіне төленетін ақының мөлшерін айқындау; 9) РГАО-ның жылдық қаржылық есептілігін бекіту; 10) РГАО-ның есепті қаржылық жылдағы таза табысын бөлу тәртібін бекіту; 11) корпоративтік дау-жанжалдарды реттеуге және мүдделер қайшылығын реттеуге қатысу, оларды мониторингілеу; 12) РГАО-ның барлық мүлкінің кепілдігі туралы шешім қабылдау; 13) РГАО-ның қызметі туралы ақпаратты Жалғыз қатысушыға беру тәртібін айқындау; 14) РГАО немесе оның қызметі туралы қызметтік, коммерциялық немесе Заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты айқындау; 15) Заңнамаға сәйкес, қызметтік жеңіл автокөліктерді беру нормативтерін және РГАО-ның әкімшілік аппаратын орналастыруға арналған алаңдардың нормаларын бекіту; 16) РГАО-ны немесе оның мүлкін сенімгерлік басқаруға беру туралы шешім қабылдау және мұндай берудің шарттарын айқындау; 17) РГАО-ны ерікті түрде қайта ұйымдастыру немесе тарату; 18) Заңнамаға сәйкес, Жалғыз қатысушының атынан РГАО-ның Бас директорымен еңбек шартын жасасатын уәкілетті тұлғаны тағайындау; 19) РГАО-ның Бас директорын тағайындау және оның өкілеттіктерінің мерзімін айқындау; 20) РГАО-ның Бас директорының лауазымдық айлықақысының мөлшерін, еңбек ақы төлеу шарттарын және әлеуметтік қолдауды айқындау; 21) РГАО-ның Бас директорының өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдау; 22) шешімін қабылдау Заңнамада және (немесе) Жарғыда Жалғыз қатысушының айрықша құзыретіне жатқызылған өзге де мәселелер.
46. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, шешімін қабылдау Жарғының 45-тармағында Жалғыз қатысушының айрықша құзыретіне жатқызылған мәселелерді басқа органдардың, РГАО-ның басқа лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің құзыретіне беруге жол берілмейді.
47. Жалғыз қатысушы РГАО-ның ішкі қызметіне жататын мәселелер бойынша РГАО-ның кез келген шешімін тоқтата алады.

13. БАС ДИРЕКТОР

48. Ағымдағы қызметті басқаруды РГАО-ның Бас директоры жүзеге асырады. РГАО-ның Бас директоры Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және Жарғыда Жалғыз қатысушының құзыретіне жатқызылмаған, кез келген мәселелер бойынша шешім қабылдауға құқылы, оның ішінде: 1) Жалғыз қатысушының шешімдерін орындауды ұйымдастырады; 2) РГАО-ның қаржылық, инвестициялық, өндірістік-шаруашылық, ғылыми-техникалық және өзге де қызметін іске асыруды қоса алғанда, РГАО-ның негізгі қызметінің жұмысын ұйымдастырады; 3) РГАО-ның даму жоспарын әзірлеуді және Жалғыз қатысушыға бекіту үшін ұсынуды қамтамасыз етеді; 4) РГАО-ның даму жоспарын жүзеге асырады, оның орындалуына жауапты болады, сондай-ақ жыл сайын РГАО-ның даму жоспарын іске асыру туралы есепті Жалғыз қатысушыға ұсынады; 5) шарттарға, кепілдіктерге қол қоюды қоса алғанда, үшінші тұлғалармен қарым-қатынаста РГАО атынан сенімхатсыз әрекет етеді; 6) Жарғының осы тармағының 7) тармақшасында көрсетілген мәмілелерді жасау құқығын қоса алғанда,үшінші тұлғалармен қарым-қатынаста РГАО атынан өкілдік етуге сенімхаттар береді; 7) жасау Жалғыз қатысушының құзыретіне жататын мәмілелерді қоспағанда, мүліктік емес сипаттағы мәмілелерді және нәтижесінде РГАО мүлікті сатып алатын немесе иеліктен шығаратын (сатып алынуы немесе иеліктен шығарылуы мүмкін) мәмілелерді жасайды; 8) РГАО-ның банктік және басқа да есеп-шоттарын ашады; 9) өз құзыреті шегінде, РГАО-ның барлық қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді; 10) Заңда белгіленген жағдайларды қоспағанда, РГАО қызметкерлерін жұмысқа қабылдауды, жұмыс орнын ауыстыруды және жұмыстан босатуды жүзеге асырады, оларғакөтермелеу шараларын және тәртіптік жазалар қолданады, РГАО-ның штаттық кестесіне сәйкес РГАО қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларының мөлшерін белгілейді, РГАО қызметкерлеріне берілетін сыйақы мөлшерін айқындайды; 11) өзі жұмыста болмаған жағдайда, міндеттерін орындауды РГАО Басқарушы директорларының біріне, бұйрық негізінде жүктейді; 12) РГАО-ның Бас директоры мен Бас директордың орынбасрлары арасында міндеттерді, сондай-ақ өкілеттіктер мен жауапкершіліктер аясын бөледі; 13) РГАО-ның жұмыс режимін белгілейді; 14) РГАО-ның кадрлық саясатын іске асырады, соның ішінде еңбек тәртіптемесінің қағидаларын бекітеді; 15) қажет болған жағдайда, РГАО жанындағы бизнес бағыттар бойынша жұмыс топтарын құрады және таратады, олар туралы ережелерді бекітеді; 16) РГАО қызметкерлерін оқытуға қатысты мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды; 17) РГАО-ның Жалғыз қатысушысы бекітетін құжаттарға жатпайтын, РГАО қызметін ұйымдастыру мақсатында қабылданатын құжаттарды бекітеді; 18) РГАО қызметкерлеріне еңбек ақы төлеу қағидаларын, әлеуметтік қолдау көрсету қағидаларын бекітеді; 19) РГАО құрылымын ескере отырып, қызметкерлердің жалпы саны шегінде штаттық кестені бекітеді, сондай-ақ филиалдар мен өкілдіктердің жалпы санын, құрылымын және штаттық кестесін бекітеді; 20) РГАО-ның есеп саясатын және салықтық есеп саясатын бекітеді; 21) РГАО-ның атынан аудиторлық ұйыммен жыл сайынғы аудит жүргізуге арналған шарт жасасады. 22) РГАО-ның жылдық қаржылық есептілігін дайындайды және бекіту үшін РГАО-ның Жалғыз қатысушысына ұсынады; 23) РГАО-ның есепті қаржылық жылдағы таза табысын бөлу тәртібіне қатысты ұсынымдар дайындау жөнінде ұсыныстарды қарастырады және РГАО-ның Жалғыз қатысушысына ұсынады; 24) РГАО қызметінің қорытындылары туралы жылдық есепті дайындайды және бекіту үшін РГАО-ның Жалғыз қатысушысына ұсынады; 25) Жалғыз қатысушыға РГАО-ның филиалдары мен өкілдіктерін құру және жабу туралы ұсыныстар енгізеді; 26) филиалдар мен өкілдіктердің, сондай-ақ еншілес ұйымдар мен тәуелді қоғамдардың жұмыстарын үйлестіреді; 27) РГАО-ның басқа ұйымдарды құруға, сондай-ақ Жалғыз қатысушының шешімдері негізінде сатып алынған акциялар мен үлестерді иеліктен шығаруға қатысуы туралы ұсыныстарды Жалғыз қатысушының қарауына шығарады; 28) РГАО-ның демеушілік (қайырымдылық) көмек көрсетуі туралы шешім қабылдайды; 29) РГАО қызметіндегі барлық маңызды оқиғалар туралы Жалғыз қатысушыны хабардар етеді; 30) шешім қабылдау Жалғыз қатысушының құзыретіне жататын мәселелер бойынша құжаттарды Жалғыз қатысушының қарауына дайындайды; 31) Жалғыз қатысушы шешімдерінің, РГАО-да жылдық қаржылық аудит жүргізетін аудиторлық ұйым ұсынымдарының орындалу мониторингін жүзеге асырады; 32) Жалғыз қатысушы алдында РГАО жұмысы үшін жауапты болады; 33) РГАО міндеттерін орындау үшін қажет жәнеЖалғыз қатысушының айрықша құзыретіне жатпайтын, РГАО-ның ағымдағы қызметіне қатысты барлық қалған мәселелер бойынша шешім қабылдайды; 34) РГАО-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды ұйымдастыруға тікелей жауапты болады;
49.РГАО-ның Бас директоры, құпия сипаттағыны қоса алғанда, РГАО қызметі туралы ақпаратты, сұрау хат келіп түскен күннен бастап он жұмыс

14. РГАО-ның ЛАУАЗЫМДЫҚ ТҰЛҒАЛАРЫ

50. Бас директор, Бас директордың орынбасарлары, қаржылық директор, бас бухгалтер РГАО-ның лауазымдық тұлғалары болып табылады, олар: 1) өздеріне жүктелген міндеттерді адал атқарады және РГАО мен оның Жалғыз қатысушысының мүдделеріне барынша сәйкес келетін басқару тәсілдерін пайдаланады; 2) РГАО мүлкін РГАО Жарғысына, Жалғыз қатысушының шешімдеріне қайшы, сондай-ақ жеке басының мақсаттарына пайдаланбауы немесе пайдалануға жол бермеуі тиіс және өзінің үлестес тұлғаларымен мәмілелер жасаған кезде өз қызметін теріс пайдаланбауы тиіс; 3) тәуелсіз аудит жүргізуді қоса алғанда, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік жүйелерінің біртұтастығын қамтамасыз етуге міндетті; 4) Заңнаманың талаптарына сәйкес, РГАО қызметі туралы ақпаратты жария етуді және ұсынуды бақылайды; 5) РГАО-ның ішкі құжаттарында өзгеше белгіленбесе, РГАО қызметі туралы ақпаратты, соның ішінде РГАО-да жұмыс істеуін тоқтатқан сәттен бастап үш жыл бойы да, құпия сақтауға міндетті. 51. РГАО-ның лауазымдық тұлғалары өздерінің әрекетімен және/немесе әрекетсіздігімен келтірген зияны үшін және Заңнамаға сәйкес РГАО-ның шығынға ұшырағаны үшін РГАО мен Жалғыз қатысушы алдында Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауапкершілікке болады.

15. ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК ЖӘНЕ АУДИТ

52. Күнтізбелік жыл (1 қаңтар мен 31 желтоқсан аралығы) РГАО-ның қаржылық жылы болып табылады.РГАО-ның бухгалтерлік есебін жүргізу және қаржылық есептілігін жасау тәртібі Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамамен және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарымен белгіленеді.
53. РГАО-ның Бас директоры өткен жылғы қаржылық жылдық есептілікті,Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес жүргізілген аудитті талқылау және бекіту үшін жыл сайын Жалғыз қатысушыға ұсынады. РГАО-ның Бас директоры Жалғыз қатысушыға қаржылық есептіліктен басқа, аудитордың ұсынымдарымен (басшылыққа жазылған хатпен) қоса, аудиторлық есепті ұсынады.
54. РГАО-ның жылдық қаржылық есептілігін Жалғыз қатысушы түпкілікті бекітеді.
55. РГАО жылдық қаржылық есептілікке аудит жүргізе алады.
56. РГАО-да аудит Бас директордың бастамасы бойынша РГАО есебінен немесе Жалғыз қатысушының талабы бойынша оның есебінен жүргізілуі мүмкін, бұл ретте Жалғыз қатысушы аудиторлық ұйымды дербес айқындауға құқылы. Аудит Жалғыз қатысушының талабы бойынша жүргізілген жағдайда, РГАО аудиторлық ұйым сұратқан барлық қажетті құжаттарды (материалдарды) ұсынуға міндетті.
Егер Бас директор РГАО-да аудит жүргізуден жалтарса, онда аудит мүдделі тұлғаның талап-арызы бойынша соттың шешімімен тағайындалуы мүмкін.

16. РГАО-ның АҚПАРАТТЫ ЖАРИЯ ЕТУІ. РГАО ҚҰЖАТТАРЫ

57. РГАО өз қызметі туралы ақпаратты РГАО-ның интернет-ресурсында (rcgi.geology.gov.kz) жариялайды.РГАО жылдық есебін оны Жалғыз қатысушы бекіткен күннен бастап 10 күн ішінде РГАО-ның интернет-ресурсына (rcgi.geology.gov.kz) орналастырады.РГАО Заңда айқындалған корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты Жалғыз қатысушыға хабарлап отыруға міндетті.РГАО Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес айқындалған қаржылық есептілік депозитарийін, корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты, РГАО-ның жылдық қаржылық есебін және аудиторлық есептерді интернет-ресурста жариялауын қамтамасыз етеді.Корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты ұсыну Заңға және Жарғыға сәйкес жүзеге асырылады. Корпоративтік дау бойынша сотта іс қозғау туралы ақпаратты РГАО корпоративтік дау бойынша азаматтық іс жөнінде тиісті сот хабарламасын (шақыртуын) алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде Жалғыз қатысушыға ұсынуы тиіс.РГАО қызметтік және/коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты иеленуші РГАО қызметкерлерінің тізімін міндетті түрде жүргізуді қамтамасыз етеді.
58. Жалғыз қатысушының мүддесін қозғайтын, РГАО қызметі туралы ақпаратты ұсыну Заңға және Жарғыға сәйкес жүзеге асырылады.РГАО-дан Жарғының осы бабында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін немесе ақпаратты сұраған Жалғыз қатысушының хаты бойынша РГАО, егер сұрау хатында өзге мерзімдер белгінбесе, сұрау хатын алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей, оларды өтініш берушіге белгіленген тәртіппен ұсынуға міндетті.
59. РГАО-ның қызметіне қатысты құжаттары РГАО-да барлық қызмет ету мерзімі бойы РГАО орналасқан жерде немесе РГАО-ның Бас директорының шешімі бойынша өзге орында сақталады. Құрылтайшылық құжаттар, мүлікке құқық белгілеуші құжаттар, белгілі бір қызмет түрлерімен айналысуға берілген лицензиялар мен өзге де рұқсат түрлері, РГАО-ның филиалдары мен өкілдіктері туралы ережелер сақтауға жатады.
60. Жарғының 58-тармағында көрсетілмеген өзге де құжаттар, оның ішінде РГАО-ның қаржылық есептілігі Заңнамаға сәйкес белгіленген мерзім бойы сақталады.
61. Жалғыз қатысушының талабы бойынша РГАО оған Заңда және Жарғыдакөзделген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға міндетті. Жалғыз қатысушыға белгілі болған, РГАО-ның қызметі туралы «Құпия», «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгілері бар ақпарат, құзыретті мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын қоспағанда, үшінші бір тұлғаларға жазбаша немесе өзге нысанда берілмеуі тиіс. Құпия ақпарат РГАО-ның Бас директорының келісімі бойынша ғана өзге тұлғаларға жария етілуі мүмкін.
62. РГАО өзінің үлестес тұлғаларының есебін олар беретін мәліметтер негізінде жүргізеді.
63. РГАО-ның Жалғыз қатысушысы және лауазымды тұлғалары өздерінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтерді үлестес болған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде РГАО-ға ұсынады.РГАО-ның Жалғыз қатысушысы немесе лауазымды тұлғасы бұрын үлестес ретінде көрсеткен тұлғасы үлестес болмай қалған жағдайда, РГАО-ның Жалғыз қатысушысы немесе лауазымды тұлғасы бұл туралы бес күнтізбелік күн ішінде РГАО-ға хабарлайды.

17. РГАО МЕНШІГІН ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОРҒАУ

64. РГАО меншігін және оған тиесілі құқықтарды құқықтық қорғау Заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.

18. РГАО-ны ҚАЙТА ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ТАРАТУ

65. РГАО Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негіздер бойынша қайта ұйымдастырылады және таратылады.РГАО-ны қайта ұйымдастыру және тарату тәртібі Заңмен жәнеҚазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.
Back to top button