Сыртқы кадр резерві.
Кадрлық резервті қалыптастыру мақсатында «Ұлттық геологиялық қызмет» АҚ білікті мамандар мен жас дарындарды Қоғамның сыртқы кадрлық резервіне қосылуға шақырады.
Білімге қойылатын талаптар: Геологиялық, тау-кен, ғылыми немесе осыған ұқсас салалар бойынша жоғары кәсіби білім:
Пайдалы қазбалар кен орындарын геологиялық барлау;
Инженерлік геология;
Гидрогеология;
Геофизика;
Геохимия;
Геоэкология;
Петрология;
Аймақтық геология;
Стратиграфия және палеонтология;
Геологиядағы математикалық әдістер;
Маркшейдер ісі;
Пайдалы қазбалар кен орындарын барлау және өңдеу.
Бакалавр немесе магистр дипломы, профильдік бағыт бойынша ғылыми дәреженің болғаны құпталады.
Соңғы 3 жылда біліктілікті арттыру курстары немесе семинарлардан өткендігін растайтын сертификаттардың болғаны жөн.
Ағылшын тілін еркін меңгеруі құпталады.
Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар: ЖОО-да оқу уақытын есепке алмағанда, инженерлік-техникалық немесе маркетингтік бағыттар бойынша кемінде 2 жыл өндірістік тәжірибенің болуы қажет.
Сіздің кандидатураңызды қарастыру үшін, белгіленген үлгідегі түйіндемені толтыруыңыз қажет. Түйіндеме үлгісін осы жерден жүктей аласыз. Толтырылған түйіндемені келесі электрондық поштаға жіберіңіз: m.espenbetov@geology.kz. Хат тақырыбы: «Сыртқы кадрлық резерв – Аты-жөні». Кадрлық резервті қалыптастыру бойынша сұрақтар туындаған жағдайда HR қызметіне хабарласыңыз: Тел.: +7 (7172) 57-93-55