Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс
(Комплаенс-офицер)

«Ұлттық геологиялық қызмет» АҚ-ның (бұдан әрі – Қоғам) комплаенс-офицері Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 16-бабының 3-тармағына сәйкес атқарушы органнан және Қоғамның лауазымды тұлғаларынан тәуелсіз өз өкілеттіктерін жүзеге асырады, Қоғамның Директорлар кеңесіне есеп береді және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының талаптарының сақталуын қамтамасыз ету кезінде тәуелсіз болып табылады.

Өз қызметінде комплаенс-офицер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін және Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарын басшылыққа алады.

Комплаенс-офицердің негізгі міндеті – Қоғамның және Қоғам қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы сақтауын қамтамасыз ету.

ҰГҚ комплаенс-офицері туралы мәліметтер


Сейтхожин Айдар Жанатович

Сейтхожин Айдар Жанатович

Лауазымы: Комплаенс-офицер
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Туған күні: 04.11.1982

Білімі:
1999–2003 жылдары — Қазақстан Республикасы Қаржы полициясы агенттігінің Қаржы полициясы академиясы

Еңбек өтілі:
2003–2012 жылдары — қаржы полициясы органдарындағы қызмет
2012–2025 жылдары — квазимемлекеттік сектор субъектілерінде және жеке құрылымдарда экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс мәселелері бойынша қызмет
2025 жылғы 1 желтоқсаннан бастап — «Ұлттық геологиялық қызмет» АҚ комплаенс-офицері

Өтініштер

Осы интернет-сілтеме «Комплаенс-офицер туралы» Ереженің 16-тармағының 7) тармақшасына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзу фактілері немесе оларды жасау мүмкіндігі туралы хабарлау үшін ақпараттандыру арнасы болып табылады.

«Комплаенс-офицер туралы» Ереженің 17-тармағының 2) тармақшасына сәйкес сыбайлас жемқорлық фактілері, корпоративтік әдеп кодексін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзге де ішкі құжаттарды бұзу туралы жүгінген тұлғалардың құпиялылығы кепілдендіріледі.

Мекенжайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қ., А. Мамбетова көш., 32

Телефон: +7 747 925 26 05

Электрондық пошта: a.seitkhozhin@geology.kz

Back to top button