Жаңалықтар

«Ұлттық геологиялық қызмет» АҚ Директорлар кеңесі отырысының негізгі шешімдері

2024 жылғы 02 шілдеде «Ұлттық геологиялық қызмет» АҚ (бұдан әрі-ҚоғамДиректорлар кеңесінің отырысы өтті, оған Директорлар кеңесінің келесі мүшелері қатысты: И.Ш. Шархан, Е.Е. Акбаров, Б.Х. Ташенев, Б.М. Куандыков, А.Х. Сыздыков, А.Ж. Кушелеков, Е.Ф. Галиев.

Директорлар кеңесінің өткізілген отырысының қорытындысы бойынша мынадай негізгі шешімдер қабылданды:
Қоғамның Директорлар кеңесінің, Директорлар кеңесі комитеттерінің және Директорлар кеңесінің әрбір мүшесінің қызметіне бағалау жүргізу туралы ереже және Қоғамның корпоративтік басқару кодексінің 2023 жылғы қағидаттары мен түйінді ережелерінің сақталуы/сақталмауы туралы есеп бекітілді. Бұл ретте, Қоғамның корпоративтік хатшысына Қоғамның корпоративтік басқару кодексін оның жекелеген ережелерін үлгі кодекске сәйкестендіре отырып жаңарту тапсырылды, ал Қоғамның Басқарма Төрағасына Қоғамның Директорлар кеңесін кейіннен бекітуге шығара отырып, қағидаттар мен оның ережелерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу және бекіту арқылы Қоғамның жаңа Корпоративтік басқару кодексінің қағидаттары мен түйінді ережелерінің сақталуын бақылауға алу тапсырылды.
Бұдан басқа, ішкі аудит қызметінің 2024 жылғы 1 тоқсандағы қызметі туралы есеп назарға алынды, қоғамның ішкі аудит қызметінің 2024 жылға арналған бекітілген жылдық аудиторлық жоспарына және Қоғамның Директорлар кеңесінің 2024 жылғы 29 наурыздағы шешіміне (№02-02/02 хаттама) күн тәртібінің 6-мәселесі бойынша өзгерістер енгізілді, сондай-ақ Қоғамның Ішкі аудит қызметі басшысының және корпоративтік хатшысының лауазымдық жалақыларының мөлшері айқындалды.

Back to top button