Жаңалықтар

«Ұлттық геологиялық қызмет» АҚ-ның директорлар Кеңесінің күн тәртібі мәселелері бойынша отырысы өтті

2024 жылғы 07 ақпанда «Ұлттық геологиялық қызмет» АҚ (бұдан әрі-ҚоғамДиректорлар кеңесінің отырысы өтті, оған Директорлар кеңесінің келесі мүшелері қатысты: И.Ш. Шархан, Е.Е. Акбаров, Б.Х. Ташенев, Б.М. Куандыков, А.Х. Сыздыков, А.Ж. Кушелеков, Е.Ф. Галиев.

Директорлар кеңесінің өткізілген отырысының қорытындысы бойынша мынадай негізгі шешімдер қабылданды:

Қоғамның Кадр саясаты, қоғамның Комплаенс-қызметінің 2024 жылға арналған жұмыс жоспары, қоғамның ішкі аудит қызметі басшысының 2023 жылға арналған қызметінің түйінді көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша бағалау және оған сыйлықақы беру, Қоғамның Корпоративтік хатшысы қызметінің 2023 жылғы жұмыс қорытындылары бойынша Мотивациялық түйінді көрсеткіштері картасының қорытынды нәтижелілігі және оған сыйлықақы беру бекітілді.

Қоғамның омбудсмені С.М. Есенболтаев штаттық кестеге сәйкес лауазымдық жалақыны айқындай отырып, 2 (екі) жыл өкілеттік мерзіміне тағайындалды.

Сонымен қатар, Ішкі аудит қызметінің 2023 жылғы 4 тоқсандағы қызметі туралы есебі және Қоғамның Ішкі аудит қызметінің 2023 жылғы қызметі туралы жылдық есебі назарға алынды. Бұл ретте, қоғамның басқарма төрағасына нақты шараларды, мерзімдерді және жауапты орындаушыларды көрсете отырып, аудит нәтижелері бойынша түзету және/немесе алдын алу іс-шараларының жоспарын әзірлеу және бекіту, сондай-ақ ішкі аудит қызметіне тапсырылған міндеттерді орындау қорытындылары туралы үнемі хабардар ету, сондай-ақ Директорлар кеңесі мен аудит жөніндегі комитет тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету тапсырылды.

Корпоративтік хатшының Директорлар Кеңесінің, оның комитеттерінің және Корпоративтік хатшының, қоғамның омбудсменінің 2023 жылғы жұмысы туралы есебі назарға алынып, оны қоғамның 2023 жылғы қызметі туралы жылдық есебіне енгізу тапсырылды.

Бұдан басқа, Қоғамның Директорлар кеңесі Қоғамның Жалғыз акционеріне қоғамды 2023 жылдың қорытындысы бойынша Қоғамның мемлекеттік акциялар пакетіне дивидендтер төлеуден босату туралы ұсыныс, сондай-ақ Қоғамның Директорлар кеңесінің тәуелсіз директорларына сыйақылар мөлшерінің өзгеруін қарау туралы ұсыныс әзірледі.

Back to top button