Президент жолдауын түсіндіру: Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы Ақбатыр Надырбаев Ақтөбе облысының тұрғындарымен кездесу өткізді
Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы Ақбатыр Надырбаев 2018 жылдың 15 және 16 қазан аралығында республикалық ақпараттық топ құрамында Ақтөбе облысының Әйтеке би және Ырғыз ауданының тұрғындарымен Қазақстан Республикасының президенті — Ұлт басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» негізгі қағидаларын түсіндіру бойынша кездесу өткізді.
Air Jordan 1 Retro High OG ‘Rust Pink’ 861428-101 For Sale
15 қазанда Комитет төрағасы Ырғыз облыс ауданында бірнеше кездесу өткізді:
- Ауыл аймақ әкімшілігінде аймақ тұрғындарымен, жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен және аудан маслихатының депутаттарымен кездесу өткізді. Кездесу қатысушыларының жалпы саны – 110 адам.
Құмтоғай ауылының клубында, Құмтоғай ауылының тұрғындарымен кездесу болып өтті. Кездесуге 42 адам қатысты.
16 қазанда Әйтеке би ауданы Қарабұтақ ауылдық округінің орта мектебінде және Қарабұтақ ауылдық округінің Әкімдігінде округтың жұмысшыларымен, мектептің еңбек ұжымымен, Бел Қопа ауылының тұрғындарымен және қоғамның өкілдерімен кездесу өткізілді. Кездесуге 100 адам қатысты.
Ақтөбе облысы аудандары тұрғындарының алдында Ақбатыр Надырбаев өз сөзінде Мемлекет басшысының жолдауы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын болашақта көтеру бойынша тапсырмаларға бағытталғанын атап өтті және Жолдаудың мақсаттары мен тапсырмалары туралы айтты. Сондай-ақ, өз баяндамасында Министрліктің негізгі басым тапсырмалары және қазақстандықтардың баспаналық жағдайларын жақсарту бойынша, транспорттық инфрақұрылым тапсырмасын шешу және экспортқа бағытталған индустрияландыру нәтижесінде экономиканың өсу қарқынын және еліміздің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге шақырады. Ақбатыр Надырбаев кездесуде сонымен қатар облыстың тұрғындарын жерасты көздерінен ауыз су қорларымен қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан іздеу-барлау жұмыстары туралы айтты.
Дереккөз: