Жаңалықтар

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Директорлар кеңесінің отырысы
«Ұлттық геологиялық қызмет» АҚ-да өтті

2025 жылғы 15 қазан Астана қ.

2025 жылғы 15 қазанда «Ұлттық геологиялық қызмет» АҚ-ның (бұдан әрі – Қоғам) кезекті Директорлар кеңесінің отырысы өтті. Оған Директорлар кеңесінің келесі мүшелері қатысты: Шархан И.Ш., Акбаров Е.Е., Тынысбеков Б.А., Сыздыков А.Х., Кушелеков А.Ж., Галиев Е.Ф., сондай-ақ Қоғам өкілдері.

Директорлар кеңесінің өткізілген отырысының қорытындысы бойынша келесі негізгі шешімдер қабылданды:
2024 жылға арналған Қоғамның іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы есеп бекітілді, Қоғамның 2025 жылға арналған жылдық қаржылық есептілігін аудиттеуді жүзеге асыру үшін аудиторлық ұйым қызметтерінің ақысы айқындалды, Қоғам Басқарма төрағасының орынбасары Шабанбаев К.У.-ға ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.
Сонымен қатар, ескертулер мен ұсыныстарды ескере отырып, Қоғамда геология бағытын дамыту жобасы және оны іске асыру жөніндегі Жол картасы пысықтауға жіберілді.

Back to top button