Жаңалықтар
Пресс релиз
Қазақстанда жер қойнауын пайдаланушылардың есептілігі толықтай цифрлық форматқа көшірілді
Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасында (ЖҚПБП) жаңа мүмкіндік – «Ұлттық геологиялық қызмет» акционерлік қоғамына қайталама геологиялық есептердің көшірмелерін алу үшін өтінім беру функциясы енгізілді. Жауап ҚР ИДМ-нің № 380 бұйрығына сәйкес 15 жұмыс күні ішінде ұсынылады.
Бүгінде платформада 66 180 қайталама геологиялық есепті және оларға географиялық тіркелген 109 522 зерттелу контурын қамтитын интерактивті геологиялық карта жасалды. Пайдаланушыларға қолжетімді болу үшін бастапқы кітаптар да орналастырылды.
Осылайша, ЖҚПБП электронды құжатайналымды, мониторингті және геологиялық ақпаратқа қол жеткізуді біріктіріп, жер қойнауын пайдалану саласындағы негізгі құралға айналып отыр.