БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
«Ұлттық геологиялық қызмет» АҚ-да
Директорлар кеңесінің күн тәртібі мәселелері бойынша отырысы өтті
2025 жылғы 05 маусым Астана қ.
2025 жылғы 05 маусымда «Ұлттық геологиялық қызмет» АҚ (бұдан әрі-Қоғам) Директорлар кеңесінің кезекті отырысы өтті, оған Директорлар кеңесінің келесі мүшелері қатысты: И.Ш. Шархан, Е.Е. Акбаров, Б.Х., Сыздыков, А.Ж., Кушелеков, Е.Ф. Галиев, сондай-ақ Қоғам өкілдері.
Директорлар кеңесінің өткізілген отырысының қорытындысы бойынша мынадай негізгі шешімдер қабылданды:
Қоғамның Басқарма Төрағасы мен мүшелерінің 2025 жылға арналған қызметінің түйінді көрсеткіштері және олардың нысаналы мәндері, қоғамның ішкі аудит қызметі басшысының 2025 жылғы 1 тоқсандағы қызметінің түйінді көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша бағалау және оған сыйлықақы беру мөлшері, Қоғамның Директорлар кеңесі мен оның Комитеттерінің қызметін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді, сондай-ақ Қағидаттардың сақталуы/сақталмауы және Қоғамның корпоративтік басқару кодексінің 2024 жылғы ережелері бекітілді. Бұл ретте Басқармаға Қоғамның Директорлар кеңесінің 19.12.2024 жылғы шешімімен (№02-02/08 хаттама) бекітілген Қоғамның корпоративтік басқару Кодексін іске асыру жөніндегі 2025 жылға арналған іс-шаралар жоспарына ұсыныстар мен толықтырулар әзірлеу және Қоғамның Директорлар кеңесіне енгізу, сондай-ақ Директорлар кеңесінің 19.12.2024 жылғы шешімімен бекітілген (№02-02/08 хаттама) корпоративтік басқару кодексінің Қағидаттарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының іске асырылуына бақылауды күшейту тапсырылды.
Сонымен бірге, ҚР геологиялық саласын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы есеп, 2025 жылғы 1 тоқсандағы Қоғамның Тәуекелдерді басқару процесінің ағымдағы жай-күйі туралы есеп, 2024 жылғы 1 тоқсандағы Ішкі аудит қызметінің қызметі туралы есеп, Қоғамның Директорлар кеңесі шешімдерінің орындалуына мониторинг 2025 жылғы 1 тоқсан бойынша ақпарат назарына алынды., сондай-ақ Директорлар кеңесі мен оның Комитеттерінің және Қоғамның Директорлар кеңесінің әрбір мүшесінің 2024 жылғы қызметіне жүргізілген бағалау туралы есеп назарына алынды. Бұл ретте, Директорлар кеңесі мен оның Комитеттерінің, сондай-ақ Қоғамның Директорлар кеңесінің әрбір мүшесінің 2024 жылғы қызметін бағалау қанағаттанарлық және корпоративтік басқару стандарттарына сәйкес деп танылды.