НГС халықаралық ынтымақтастықты дамытып жатыр.
2025 жылғы 3 наурызда «НГС» АҚ Басқарма төрағасы Е. Ғалиев шетелдік компаниялар өкілдерімен өзара түсіністік туралы екі меморандумға қол қойды.

Алғашқы келісім SGS компаниясының Вице-президенті Эндрю Пикерингпен жасалды, оның мақсаты — геология және пайдалы қазбалар саласында серіктестіктің негізін қалау. Меморандум келесі тармақтарды қамтиды:
• Қазіргі заманғы сынақ және зертханалық технологияларды енгізу.
• Сапа стандарттарын арттыру және өндірістік процестерді оңтайландыру.
• Кадрларды даярлау және біліктілігін арттыру жүйесін жетілдіру.


Сондай-ақ, 2025 жылғы 3 наурызда Rubicon Exploration Президенті Александр Буасьемен келісімге қол қойылды, оның мақсаты — геология және пайдалы қазбалар саласындағы серіктестікті дамыту. Бұл меморандумның негізгі бағыттары:
• Ақ сутегі кен орындарын анықтау бойынша бірлескен зерттеулер жүргізу.
• Ақ сутегі кен орындарын игерудің экономикалық тиімділігін бағалау.
• Табиғи сутегіні зерттеу мен барлау үшін қажетті ғылыми және техникалық деректермен, әдістермен және технологиялармен алмасу.
