Канаданың барлаушылар мен өндірушілер қауымдастығының (PDAC) 2025 жылғы ең ірі халықаралық көрмесі басталды.
2025 жылғы 2 наурызда Канада (Торонто) қаласында Канаданың барлаушылар мен өндірушілер қауымдастығының ең ірі халықаралық көрмесі – PDAC 2025 басталды.

Іс-шара аясында ҚР Индустрия және құрылыс вице-министрі И. Шархан, АХҚО басшысы Р. Бектұров, Қазақстанның Канададағы елшісі Д. Құсайынов және PDAC вице-президенті К. Рис Қазақстанның геологиялық әлеуетін таныстыратын ұлттық павильонды салтанатты түрде ашты.

Алғашқы күннің негізгі оқиғаларының бірі «Meet Kazakhstan: The Power of Geology in the Ninth Largest Nation» халықаралық форумы болды, онда «UGQ» Басқарма Төрағасы Ерлан Ғалиев екінші панельдік сессияға қатысты. Сессияны Финляндия геологиялық қызметінің (GTK) басшысы К. Тииликейнен жүргізді.

Сондай-ақ, осы панельдің спикерлері геология саласындағы жетекші халықаралық сарапшылар болды:
• Mr. F. Igualada, Дүниежүзілік банктің аға тау-кен ісі жөніндегі маманы.
• Dr. K. Hanghoj, Ұлыбритания геологиялық қызметінің (BGS) директоры.
• Mr. H. Al-Marzouki, Сауд Арабиясы геологиялық қызметінің (SGS) жоспарлау және даму жөніндегі директоры.
• Mr. Chr. Poinssot, Франция геологиялық қызметі (BRGM) бас директорының орынбасары.
• Mr. S. Schulz, Германия минералдық ресурстар агенттігінің (DERA) минералдық ресурстарды бағалау бөлімінің басшысы.
