Жаңалықтар
2025 жылғы 13-16 қаңтар аралығында «Ұлттық геологиялық қызмет» АҚ Басқарма төрағасы Ерлан Галиев Сауд Арабиясындағы бірқатар іс-шараларға қатысты.

13 қаңтарда Джиддада қазақстандық делегация Сауд Арабиясының Геологиялық қызметінің (SGS) басшылығымен кездесті. Ерлан Галиев Геоақпараттық деректер базасы орталығы, гиперспектралды және геохимиялық зертханалар секілді SGS негізгі нысандарына барды. Қорлар мен керн қоймаларын, сондай-ақ инновациялық кластерді (Geocluster) аралауға ерекше назар аударылды. Объектілер мен зертханаларды тексеру барысында геологиялық барлаудағы өзекті тәсілдер мен шешімдер талқыланды.
14-16 қаңтар аралығында Ерлан Галиев ӨҚМ делегациясының құрамында Эр-Риядтағы «Future Minerals Forum»-ға қатысты. Сапардың мақсаты — серіктестік байланыстарды нығайту және геологиялық барлау саласындағы озық тәжірибені зерттеу. Форум Сауд Арабиясындағы және басқа елдердегі әріптестеріміздің озық технологиялары мен тәжірибелерімен танысуға бірегей мүмкіндік берді.
14 қаңтар күні форумда Халықаралық геологиялық зерттеулер (IGS) шеңберінде кездесу өтті, онда геологиялық барлау әлеуетін күшейту, геологиялық деректердің қолжетімділігін арттыру және геология саласындағы озық тәжірибе орталықтарын құру мәселелері талқыланды.
Screenshot
Screenshot