Жаңалықтар

Баспасөз хабарламасы

2024 жылғы 02 тамызда «Ұлттық геологиялық қызмет» АҚ (бұдан әрі-ҚоғамДиректорлар кеңесінің отырысы өтті, оған Директорлар кеңесінің келесі мүшелері қатысты: И.Ш. Шархан, Б.Х. Ташенев, Б.М. Куандыков, А.Х. Сыздыков, А.Ж. Кушелеков, Е.Ф. Галиев.

Директорлар кеңесінің өткізілген отырысының қорытындысы бойынша мынадай негізгі шешімдер қабылданды:

Қоғамның 2023 жылғы жылдық қаржылық есептілігі алдын ала бекітілді, таза табысты бөлу тәртібі, жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу және Қоғамның бір жай акциясына есептегенде дивиденд мөлшері бойынша ұсыныстар әзірленді,

Қоғамның 2024 жылғы қызметі туралы жылдық есебі, Қоғамның ішкі аудит қызметі басшысының 2024 жылғы 2 тоқсандағы қызметінің негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша бағалау және оның сыйақы мөлшері бекітілді, сондай-ақ Ішкі аудит қызметінің 2024 жылғы 2 тоқсандағы қызметі туралы есебі назарға алынды.

Сонымен қатар, Қоғамның 2024 жылғы жылдық қаржылық есептілігіне аудитті жүзеге асыру үшін аудиторлық ұйымның қызметтеріне ақы төлеу мөлшері айқындалды және Қоғамның Басқарма төрағасының бірінші орынбасары А. Б. Ижановтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

Back to top button