Жаңалықтар

Қазақстан геологиялық деректерді цифрландыруды жеделдетіп, халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуде

фото: www.primeminister.kz

Үкімет отырысында Ұлттық геология қызметінің (ҰГҚ) төрағасы Ерлан Галиев геология саласындағы цифрландыру және негізгі бастамалар туралы баяндады.

Жоба аясында келесі шаралар жүзеге асырылуда:

  • Архивтік деректерді OCR және жасанды интеллект арқылы цифрландыру;

  • Графикалық материалдарды машина оқитын форматқа айналдыру;

Мәліметтерді Big Data форматында біріктіру және деректерді арнайы жасанды интеллект арқылы талдау.

Канада, Австралия және АҚШ сияқты жетекші елдердің тәжірибесін қолдану Қазақстанның геологиялық барлау тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Өңделетін деректердің жалпы көлемі 2–3 петабайтты құрайды.

ҰГҚ-ның ғылыми бағыттары:

  • Қазақстанның Цифрлық геологиялық картасын әзірлеу;

  • Ғылыми қауымдастықпен бірлесіп Минерагендік кодексті жасау;

  • Британдық геологиялық қызметпен (BGS) эталондық база және басқа да жобалар бойынша ынтымақтастық.

Сонымен қатар, ҰГҚ 15 халықаралық келісімге қол қойды. Маңызды бағыттардың бірі – USGS және “Тау-Кен Самұрық” ҰК-мен үшжақты меморандумға қол қою арқылы литий және сирек металдарды зерттеу.

2025 жылы PDAC алаңында Қазақстанның инвестициялық әлеуеті таныстырылатын алғашқы халықаралық форум – «Meet Kazakhstan: The Power of Geology in the Ninth Largest Nation» өтеді.

Ерлан Галиевтің айтуынша, 2024–2029 жылдарға арналған геология саласын дамыту саясаты жеке инвестицияларды тартуға, құзыреттілікті арттыруға және елдің минералдық-шикізаттық базасын дамытуға бағытталады.

Back to top button