Жаңалықтар

Орталық геологиялық қызметте «Деректерді басқару және сканерлеу бойынша үздік тәжірибелер» тақырыбында семинар өтті

Орталық геологиялық қызметте геологиялық деректерді басқару және қағаз құжаттарды сканерлеу бойынша үздік тәжірибелерді талқылауға арналған семинар өтті. Іс-шараға Орталық, Оңтүстік, Солтүстік, Батыс және Шығыс геологиялық қызметтерінің, сондай-ақ ҚР ҚР «Центрказнедра» баланстар, кадастр және геологиялық қорлар бөлімі өкілдері қатысты.

Семинар аясында екі лекция өткізілді:

1. «Геологиялық зерттеулердегі деректерді басқару»
Лекция барысында деректерді индекстеу, редакциялау және сақтау әдістері, резервтік көшірмелер жасау және қолжетімділік иерархиясы туралы айтылды. Деректерді жүйелі түрде басқарудың жұмыс тиімділігін арттырудағы маңызына ерекше назар аударылды.

2. «Қағаз құжаттарды сканерлеу бойынша ұсыныстар»
Лекцияда қағаз мұрағаттарды сканерлеудің практикалық аспектілері қарастырылды: жабдықты таңдау, деректерді сақтау үшін оңтайлы форматтар және олардың артықшылықтары мен кемшіліктеріне салыстырмалы талдау жасалды.



Семинардың дәріскері Британдық геологиялық қызметтің өкілі, Data Manager қызметін атқаратын Rachel Talbot болды. Ол деректерді басқарудағы халықаралық тәжірибемен бөлісіп, қазақстандық геологиялық қызметтердің жұмысын оңтайландыру бойынша ұсыныстар берді.

Семинар геология саласындағы мамандардың тәжірибе алмасуына және кәсіби байланыстарды нығайтуға арналған маңызды алаңға айналды.

Back to top button