Жаңалықтар

BGS ҰГҚ қызметкерлеріне деректерді басқарудың үздік тәжірибелерін ұсынады

Астанада Ұлыбританияның геологиялық қызметі (BGS) делегациясының сапарының екінші аптасы өтіп жатыр. Делегация 2023 жылдың 15 қыркүйегінде Қазақстан геологтарының І съезінде қол қойылған ынтымақтастық туралы меморандум аясында келді. Сапардың мақсаты – деректерді басқару және цифрландыру саласында тәжірибе алмасу және ынтымақтастықты нығайту.

Геолог-экономист Эймир Диди стратегиялық минералдар, олардың жаһандық жеткізу тізбектері туралы айтып, БҰҰ-ның ресурстарды жіктеу жүйесін таныстырды. Ол деректерді халықаралық деңгейде үйлестірудің маңыздылығын атап өтті. Геокеңістіктік аналитик Эдд Льюис метадеректер стандарттары мен жер қойнауын пайдаланудағы саясат тақырыбында баяндамалар жасап, деректер мен метадеректер каталогтарын әзірлеу бойынша практикалық сабақ өткізді. Рэйчел Тэлбот деректерді басқарудың үздік тәжірибелерін ұсынды, сондай-ақ Kendex және Beyond Compare сияқты құралдарды пайдалана отырып, цифрлық деректермен жұмыс істеуді жеңілдету бойынша сессия өткізді.


BGS сапары – қызметтер арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың маңызды кезеңі. ҰГҚ Басқарма Төрағасы Ерлан Галиевтың айтуынша, мұндай тәжірибе алмасу Қазақстанда деректерді басқару процестерін жетілдіруге және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.

filter: 0; fileterIntensity: 0.0; filterMask: 0; captureOrientation: 0;
hdrForward: 0; highlight: true; algolist: 0;
multi-frame: 1;
brp_mask:8;
brp_del_th:0.0005,0.0000;
brp_del_sen:0.1000,0.1000;
delta:1;
module: portrait;hw-remosaic: false;touch: (0.45293692, 0.59565496);sceneMode: 3145728;cct_value: 0;AI_Scene: (-1, -1);aec_lux: 0.0;aec_lux_index: 0;HdrStatus: auto;albedo: ;confidence: ;motionLevel: 0;weatherinfo: null;temperature: 31;
Еске сала кетейік, 2024 жылдың маусым және қыркүйек айларында BGS делегациялары Қазақстанға келіп, стратегиялық материалдар, цифрландыру және деректерді стандарттау саласындағы жобаларды талқылаған болатын.

Back to top button