«Ұлттық геологиялық қызмет» АҚ-да Директорлар кеңесінің күн тәртібі мәселелері бойынша отырысы өтті
2024 жылғы 08 қараша «Ұлттық геологиялық қызмет» АҚ-да (бұдан әрі — Қоғам) Директорлар кеңесінің отырысы өтті, оған Директорлар кеңесінің келесі мүшелері қатысты: И.Ш. Шархан, Б.Х. Куандыков, А.Х. Сыздыков, А.Ж. Кушелеков, Е.Ф. Галиев.
Директорлар кеңесінің өткізілген отырысының қорытындысы бойынша мынадай негізгі шешімдер қабылданды:
Қанағаттанарлық деп танылған ұсыныстарды ескере отырып, 2023-2027 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының іске асырылуын бағалау, 2024 жылғы 3 тоқсандағы Қоғамның Ішкі аудит қызметі басшысының қызметінің негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша бағалау, сондай-ақ Қоғамның тәуекелдерді басқару жүйесінің тиімділігін бағалау әдістемесі бекітілді.
2024 жылғы 3 тоқсандағы ҚР геологиялық саласын дамыту жөніндегі 2023-2027 жылдарға арналған Тұжырымдамада көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы есеп, 2024 жылғы 3 тоқсандағы Ішкі аудит қызметінің қызметі туралы есеп, сондай-ақ Қоғамның 2023 жылғы сыртқы аудит ұсынымдарының орындалуына мониторинг бойынша есеп назарға алынды.
Сонымен қатар, Қоғам басқармасына кіріс бөлігін есептеудің негізділігі мен дұрыстығына ерекше назар аудара отырып, ағымдағы жылдың соңына дейін даму жоспары мен іс-шаралар жоспарын қайта қарау және түзету тапсырылды.
Бұдан басқа, Қоғамның Басқарма төрағасына Қоғамның Директорлар кеңесіне сыртқы аудит нәтижесі бойынша түзету/алдын алу іс-шараларының жоспарына сәйкес ұсынымдардың орындалу нәтижелері туралы хабарлау тапсырылды.