Жаңа minerals.e-qazyna.kz платформасы іске қосылады
23 қазан мен 1 қараша аралығында minerals.gov.kz порталы жаңа minerals.e-qazyna.kz жаңа Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасына көшуге байланысты уақытша жұмыс істемейді, деп хабарлайды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.
Жаңа платформада жұмыс істеу үшін электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдаланып қайта тіркеу қажет болады.
Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы – геологиялық және тау-кен процестерін цифрландырудың жаңа кезеңі, ол пайдаланушылар үшін мемлекеттік деректермен және қызметтермен жұмыс істеу үдерісін ашық етіп, оның жеңілдігін арттырады.
Жаңа платформада кейбір мемлекеттік қызметтер қолжетімді болады. Ол жер асты суларын, емдік балшықты және қатты пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге немесе бірлескен барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын кепілге беру шартын; кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға және өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын кепілге беру шартын тіркеу; қатты пайдалы қазбаларды өңдеуге келісім; жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер енгізуге және жер қойнауы учаскесін трансформациялауға өтінім беруге қосымша келісім жасасу және басқалары.
Лицензиялау мәселелері бойынша қосымша ақпарат алу үшін – 87019991382, шарттар бойынша – 87056503487, ЛКШ есептері бойынша – 87081882575 телефондарына хабарласуға болады.