Жаңалықтар

«Ұлттық геологиялық қызмет» АҚ-да Директорлар кеңесінің күн тәртібі мәселелері бойынша отырыс өтті

2024 жылғы 30 қыркүйек «Ұлттық геологиялық қызмет» АҚ (бұдан әрі-Қоғам) Директорлар кеңесінің отырысы өтті, оған Директорлар кеңесінің келесі мүшелері қатысты: И.Ш. Шархан, Е.Е. Ақбаров, Б.Х. Қуандыков, А.Х. Сыздықов, А.Ж. Кушелеков, Е.Ф. Ғалиев.

Директорлар кеңесінің өткізілген отырысының қорытындысы бойынша мынадай негізгі шешімдер қабылданды:
«Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Геология комитеті» РММ-мен, сондай-ақ Қоғамның мәні талдау қызметтерін көрсету болып табылатын «Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Геология комитеті» РММ-мен мәміле жасасу ниетімен Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу жөніндегі мәселе мақұлданды.
Қоғамның 2023-2027 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары, Қоғамның 2023 жылға арналған іс-шаралар жоспарының орындалуы жөніндегі есеп, Қоғамның штат саны 208 бірлік, Қоғамның жаңа ұйымдық құрылымы 2024 жылғы 01 қарашадан бастап қолданысқа енгізіле отырып бекітілді, бұл ретте Қоғамның директорлар кеңесінің 12.07.23 ж. шешімімен бекітілген ұйымдық құрылым (№хаттама5-2023-02) 2024 жылғы 31 қазаннан бастап жойылуға қойылды.
Сонымен қатар, Қоғамның өңірлік өкілдіктерін есептік тіркеуден шығару мәселесі қаралды және оларды Қоғамның оқшауланған құрылымдық аумақтық бөлімшелері – өңірлік геологиялық қызметтерге айналдыру жолымен өкілдіктерді жабу туралы шешім қабылданды.
Бұдан басқа, 2024 жылдың 2 тоқсанында ҚР геология саласын дамыту жөніндегі 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамада көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы есеп, 2024 жылдың 9 айында Қоғамның Директорлар кеңесі шешімдерінің орындалуына мониторинг бойынша ақпарат назарға алынды, сондай-ақ Қоғамның омбудсмені Н.С. Тұрлыбеков тағайындалды.

Back to top button