«Ұлттық геологиялық қызмет» АҚ Назарбаев Университетінің жыл сайынғы зерттеу конференциясының қола демеушісі атанды
«Ұлттық геологиялық қызмет» АҚ Назарбаев Университеті (NU) ұйымдастырған жыл сайынғы зерттеу конференциясының қола демеушісі атанды. Бұл Қазақстанның академиялық қауымдастығы үшін маңызды іс-шара, ғылым мен инновациялар саласында жұмыс істейтін жетекші ғалымдар, зерттеушілер мен студенттерді біріктіреді.
NU конференциясы жас мамандар мен тәжірибелі ғалымдардың ғылыми зерттеулерін таныстыру және тәжірибе алмасу мүмкіндігін ұсынады. Биылғы жылы конференцияның басты назарында геология мен тұрақты даму саласындағы ғылыми жаңалықтар тұр, бұл «Ұлттық геологиялық қызмет» АҚ-ның қатысуын ерекше маңызды етеді.
«Біз ғылымның дамуына, геология және оған байланысты ғылымдардың өркендеуіне өз үлесімізді қосып, жас ғалымдардың талантын қолдағанымызды мақтан тұтамыз», – деп атап өтті «ҰГҚ» АҚ өкілдері.