Жаңалықтар

ТМК-да ESG бастамалары мен инновациялар

«Ұлттық геологиялық қызмет» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Қадыр Шабанбаев ағымдағы жылғы 17-19 қыркүйек аралығында Алматыда өтіп жатқан ESG-тау-кен өнеркәсібіндегі бастамалар мен инновациялар мәселелеріне арналған негізгі іс-шараларға қатысты.


Сапар барысында ол «Қазақстанның ТМК-дағы ESG-бастамалары: сын-қатерлерді еңсеру және жаңа мүмкіндіктерді іздеу» пленарлық отырысына және «IT-сәулет және ТМК-да ЖИ қолдану» Панельдік сессиясына қатысты.

«Қазақстан-Швеция: тұрақты даму және тиімділікті арттыру» дөңгелек үстелі аясында тау-кен саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды.

Back to top button