Жаңалықтар

Қазақстандық геологтар Пусан қаласында өткен халықаралық конгреске қатысты

Қазақстандық геологтар Пусан қаласында өткен халықаралық конгреске қатысты

Осыдан бірнеше күн бұрын Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында Жер туралы ғылым саласындағы ең маңызды оқиғалардың бірі – 37-ші Халықаралық геологиялық конгресс басталды. Бұл үш-бес жылда бір рет өтетін ірі шараға әлемнің түкпір-түкпірінен келген жетекші геологтар мен зерттеушілер жиналып, өзекті мәселелерді талқылап, геология саласындағы білімдермен алмасты.

Конгресс Халықаралық геологиялық ғылымдар одағының қолдауымен 1878 жылдан бастап үнемі өткізіліп келеді. Бұл жолы конгресс «Ұлы саяхатшылар: Біріктіруші Жерге саяхат» деген тақырыпта өтіп жатыр. Бұл тақырып геологиялық қауымдастықтағы бірлік пен ынтымақтастыққа деген ұмтылысты білдіреді.

Қазақстан Ұлттық геологиялық қызмет басқармасының төрағасы Ерлан Галиев конгреске қатысып, Халықаралық геологиялық ғылымдар одағының отырысына қатысады. Қазақстанның бай геологиялық потенциалы бар ел ретінде халықаралық геологиялық қауымдастықтағы белсенді қатысушы болып табылатындығын атап өткен жөн.

Пусан қаласында өтіп жатқан 37-ші Халықаралық геологиялық конгресс геология, геофизика, экология ғылымы саласындағы жетістіктерді, сондай-ақ, тұрақты даму және табиғи ресурстарды басқару мәселелерін талқылайтын түрлі сессиялар, дәрістер мен панельдік дискуссиялардан тұрады. Конгресс сонымен қатар, дамушы елдерге геологиялық зерттеулер саласында қолдау көрсететін жастар бастамалары мен жобаларына арналған алаң болып табылады.

Back to top button