Геологиялық саладағы бірінші жартыжылдықтың қорытындылары: 80 нысан зерттеліп, 7,6 млрд теңге инвестиция тартылған
2024 жылдың бірінші жарты жылдығының басынан жер қойнауын геологиялық зерттеу саласы белсенді түрде дамып келеді. Есепті кезеңде 80 нысанда ауқымды зерттеулер жүргізіліп, 7,6 млрд. тг бөлінген болатын. Жұмыстар әртүрлі бағыттарды қамтиды, соның ішінде дайындық және тақырыптық зерттеулер, геологиялық-минерагендік карта жасау, терең геологиялық карта жасау, аумақтарды гидрогеологиялық қосымша зерттеу, қатты пайдалы қазбаларды іздеу, шөгінді бассейндерді геологиялық-геофизикалық зерттеу.
Жер асты суларының мониторингіне 765 млн тг бөлінді. Ол 4 004 бақылау пунктінде жүргізіледі, бұл жер асты суларының және қауіпті геологиялық процестердің жай-күйінің сандық және сапалық көрсеткіштерін алуға мүмкіндік береді.
Иесіз, өздігінен ағатын мұнай-газ және гидрогеологиялық ұңғымаларды жоюға және консервациялауға ерекше көңіл бөлінеді, бұл мақсаттарға 229,151 млн. тг бөлінген.
Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру аясында «Жер үсті су ресурстарының тапшылығы жағдайында жер асты суларының болжамды ресурстарын нақтылау үшін негіз ретінде жер асты суларының ағынын өңірлік бағалау және картаға түсіру» жобасын іске асыру үшін 257,8 млн.теңге бөлінген.
Комитет жер қойнауын геологиялық барлауға лицензияларды белсенді түрде береді. 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында 24 лицензия берілді.
2026 жылға дейін Қазақстан аумағын 2,2 млн ш. км. дейін геологиялық-геофизикалық зерделенгендікпен қамтуды арттыруға ерекше көңіл бөлінуде. ыСирек жер металдарын анықтау перспективаларын айқындау мақсатында барлау жұмыстары Арқалық, Риддер, Хромтау, Жезқазған және Балқаш моноқалалары маңындағы 12 учаскеде жүргізілуде.
Аймақтық геологиялық зерттеулердің арқасында 2023 жылы аяқталған жобаларға арналған аумақтың жалпы ауданы 166,4 мың ш. км. құрайды. 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша «Геологиялық-геофизикалық зерделенгендікті қамту» көрсеткішінің ауданы 1 910 мың ш. км. жетті. Ел аумағын барлауды 2024 жылдың соңына қарай 2014,4 мың ш. км., 2025 жылы 2038,2 мың ш. км., 2026 жылы 2210,8 мың ш. км. дейін ұлғайту жоспарлануда.
Жүргізіліп жатқан зерттеулер мен жүзеге асырылып жатқан жобалар геологиялық саланы дамытуға, жер қойнауын ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуге және Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттыруға бағытталған.