Жаңалықтар

Стратегиялық шешімдер: «Ұлттық геологиялық қызмет»АҚ Директорлар кеңесі отырысының қорытындысы

2024 жылғы 29 наурызында «Ұлттық геологиялық қызмет» АҚ (бұдан әрі-ҚоғамДиректорлар кеңесінің отырысы өтті, оған Директорлар кеңесінің келесі мүшелері қатысты: И.Ш. Шархан, Е.Е. Акбаров, Б.Х. Ташенев, Б.М. Куандыков, А.Х. Сыздыков, А.Ж. Кушелеков, Е.Ф. Галиев.

Директорлар кеңесінің өткізілген отырысының қорытындысы бойынша мынадай негізгі шешімдер қабылданды:

Қоғам омбудсменінің 2024 жылға арналған жұмыс жоспары, қоғамның Комплаенс-офицері туралы ереже, қоғамның комплаенс-офицерінің лауазымдық нұсқаулығы бекітілді. Бұл ретте Қоғамның Директорлар кеңесінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы шешімімен бекітілген Қоғамның Комплаенс-қызметі туралы ереже (№3-2022-03 хаттама) жойылды.

Қоғамның 2023-2027 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының жобасы қаралды, кейіннен оны тиісті уәкілетті орган келіскеннен кейін директорлар кеңесінің сырттай дауыс беруіне шығарды, сондай-ақ Қоғамның жарғысын жаңа редакцияда Қоғамның Жалғыз акционеріне бекітуге шығару Алдын ала келісілді.

Сонымен қатар, қоғам басқармасына Қоғамның стратегиялық дамуының жекелеген мәселелері бойынша тапсырмалар берілді.

Back to top button