Жаңалықтар

Қазақстанның «Ұлттық геологиялық қызметі» PDAC конференциясында Канада және Финляндиямен меморандумға қол қойды

Канадада өтіп жатқан PDAC конференциясына аясында «Ulttyq Geologialyq qyzmet» АҚ канадалық Koan Analytics Inc және Фин геологиялық қызметімен (GTK) өзара түсіністік туралы меморандум орнатты. Құжатқа «Ұлттық геологиялық қызмет» АҚ Басқарма Төрағасы Ерлан Ғалиев, Канада тарапынан – Koan Analytics Inc басшысы Роб Вуд, фин тарапынан GTK бас директоры Киммо Тииликайнен қол қойды.

Koan Analytics Inc – өнеркәсіптік сегментте қызмет ететін ұйымдар үшін интеграцияланған шешімдерді ұсынатын канадалық компания. Олар деректерді түрлендіру, архитектура, жіктеу, машиналық оқыту модельдерін таңдау, құру және оқыту, алгоритмдерді әзірлеу бойынша дамуды ұсынады. Сонымен қатар, әлеуетті компанияларға қолдау көрсетіп, олардың деректерін аналитикалық платформа моделі бойынша түрлендіруге көмектеседі.

GTK (Geological Survey of Finland) — Финляндия аумағының геологиялық құрылымын зерттеуге, оның минералды-шикізат ресурстарын талдауға, геологиялық ортаны пайдалану мен қорғаудың тұрақты әдістерін жасауға, сондай-ақ геология, геофизикалық және геохимиялық зерттеулерді, картографиялауды қоса алғанда, геология саласында әртүрлі мәліметтер базасын құруға маманданған.

«Бүгін жасалған меморандумдар халықаралық қоғамдастықтың Қазақстанның геологиялық ресурстарына деген қызығушылы мен Канада тарапының  аталған секторда инвестициялық, экономикалық қатынастарды жақсарту үшін ынтымақтастықты нығайтуға дайындығының маңызды көрсеткіші», — деп атап өтті  «Ұлттық геологиялық қызмет» АҚ Басқарма Төрағасы Ерлан Ғалиев.

 

 

Back to top button