КӨШЕЛЕКОВ Арнұр Жолдыбекұлы

Тәуелсіз директор

Директорлар кеңесінің құрамына сайланған күні: Жалғыз акционердің 17.05.2023 жылғы шешімі (№50-нқ бұйрығы)

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

Туған жылы: 13.10.1987

Білімі: 2006 жылы Қарағанды «Болашақ» өзекті білім беру колледжін «заңгер» мамандығы бойынша, 2009 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетін «Құқықтану» (бакалавриат) мамандығы бойынша, 2013 жылы Еуразия ұлттық университетін «Құқықтану» (магистратура) мамандығы бойынша, 2021 жылы Орал мемлекеттік тау-кен университеті (Ресей Федерациясы) «Геологиялық түсіру, пайдалы қазбалар кен орындарын іздеу және барлау» мамандығы бойынша бітірген.

Жұмыс тәжірибесі:
2007-2008 жылдары – «Қазкоммерцбанк» АҚ тұтынушылық кредиттерді қолдау секторының менеджері;
2009-2012 жылдары- Л.Н. Гумилев атындағы университеттің халықаралық ынтымақтастық департаментінің бас маманы.;
06.2012 – 12.2012 жылдары-ҚР Қорғаныс Министрлігі «Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» АҚ Халықаралық ынтымақтастық басқармасының сарапшысы;
2013 – 2022 жылдары – «Қазақстан Республикасы өндірістік геологиялық ұйымдарының Қауымдастығы» ЗТБ атқарушы директоры;
2015 – 2020 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутатының қоғамдық көмекшісі.
2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – «Қазақстан Республикасының өндірістік геологиялық ұйымдарының Қауымдастығы» ЗТБ президенті.

Компанияның акцияларына, сондай-ақ компанияның жеткізушілері мен бәсекелестеріне иелік ету: жоқ

Back to top button