Корпоративтік басқару

Корпоративтік басқару

Корпоративтік басқару жүйесі – қызметті басқаруды және оған бақылауды, сондай-ақ акционерлер, Директорлар кеңесі, Басқарма және мүдделі тараптар арасындағы өзара қарым-қатынас жүйесін қамтамасыз ететін процестердің жиынтығы.

Корпоративтік басқару практикасын құру мен жақсартудың негізгі құжаты Корпоративтік басқару кодексі болып табылады – бұл құжат ҰГҚ корпоративтік басқару кодексі

Корпоративтік басқару құрылымы

Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының 2022 жылғы 01 маусымдағы № 290 бұйрығымен бекітілген Қоғам Жарғысының 23-тармағына сәйкес Қоғамның басқару құрылымы мынадай басқару органдарынан тұрады:

Жоғарғы орган Жалғыз акционер
Басқару органы Директорлар кеңесі – Қоғамның даму жоспарын әзірлеуге, оның қызметіне жалпы басшылық жасауға және Қоғам Басқармасының қызметін бақылауға жауапты басқару органы.
Атқарушы орган Басқарма – Қоғамның ағымдағы қызметіне басшылық жасайтын және Директорлар кеңесі мен жалғыз акционер айқындаған стратегияны іске асыратын орган.
Ішкі аудит қызметі Директорлар кеңесіне есеп беретін және Қоғамның қаржы-шаруашылық қызметіне бақылау жасайтын орган.

Корпоративтік басқару схемасы

Схема корпоративного управления
Back to top button