Жаңалықтар
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша
«Ұлттық геологиялық қызмет» АҚ Директорлар кеңесінің отырысы
2025 жылғы 24 желтоқсан
Астана қ.
2025 жылғы 24 желтоқсанда «Ұлттық геологиялық қызмет» акционерлік қоғамының
(бұдан әрі – Қоғам) Директорлар кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Отырысқа Директорлар кеңесінің мүшелері:
Кушелеков А.Ж., Ерубаев К.Б., Сыздыков А.Х., Галиев Е.Ф.,
сондай-ақ Қоғам өкілдері қатысты.
Директорлар кеңесі қабылдаған негізгі шешімдер
-
Қоғамның Тұрақты даму саясаты және Қоғам Басқармасы туралы ереже бекітілді.
Қоғам Директорлар кеңесінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы
№3-2022-03 хаттамасымен бекітілген Басқарма туралы ереже
өз күшін жойды деп танылды. -
Қоғамның Іскерлік әдеп кодексі жаңа редакцияда бекітілді.
Қоғам Директорлар кеңесінің 2023 жылғы 02 маусымдағы
№4-2023-01 хаттамасымен бекітілген Іскерлік әдеп кодексі
өз күшін жойды деп танылды. -
2026 жылға арналған келесі негізгі көрсеткіштер карталары бекітілді:
- Қоғамның Ішкі аудит қызметі басшысының қызметінің негізгі көрсеткіштер картасы;
-
Жалғыз акционердің ұсыныстарын ескере отырып,
Қоғам Омбудсменінің қызметінің негізгі көрсеткіштер картасы; - Қоғамның Корпоративтік хатшысының қызметінің негізгі көрсеткіштер картасы.
-
Қоғам Директорлар кеңесінің 2026 жылға арналған жұмыс жоспары,
Қоғам Омбудсменінің 2026 жылға арналған жұмыс жоспары,
сондай-ақ Қоғамның Ішкі аудит қызметінің 2026 жылға арналған жылдық аудиторлық жоспары бекітілді. -
Қоғам Басқармасы төрағасының орынбасары Шабанбаев Қ.У.-ға
қолданылған тәртіптік жаза мерзімінен бұрын алынып тасталды. - Қоғамдағы геология бағытын дамыту мәселелері бойынша ақпарат назарға алынды.
-
Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекесі –
Тәуелсіздік күніне, Жана жылга орай Қоғам Басқармасы мүшелерін сыйақыландыру туралы шешім қабылданды.