Жаңалықтар

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

«Ұлттық геологиялық қызмет» АҚ-да
Директорлар кеңесінің күн тәртібі мәселелері бойынша отырысы өтті

2025 жылғы 26 қараша Астана қ.

2025 жылғы 26 қарашадағы «Ұлттық геологиялық қызмет» АҚ (бұдан әрі-Қоғам) Директорлар кеңесінің кезекті отырысы өтті, оған Директорлар кеңесінің келесі мүшелері қатысты: А.Ж. Кушелеков, Қ.Б. Ерубаев, Б.А. Тынысбеков, А.Х. Сыздыков, Е.Ф. Галиев, сондай-ақ Қоғам өкілдері.

Директорлар кеңесінің өткізілген отырысының қорытындысы бойынша мынадай негізгі шешімдер қабылданды:
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 1211 қаулысымен бекітілген Қоғамның 2023-2032 жылдарға арналған даму жоспарына өзгерістер мен толықтырулар мақұлданды.
ҚР геологиялық саласын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы есеп, ішкі аудит қызметінің 2025 жылғы үшінші тоқсандағы қызметі туралы есеп назарға алынды. Қоғамның Басқарма төрағасына (Е.Ф. Ғалиев) Директорлар кеңесінің қарауына ішкі аудит қызметі ұсынымдарының орындалу барысы туралы тоқсан сайынғы есепті ұсыну тапсырылды.
Бұдан басқа, Қоғамның Директорлар кеңесінің 2025 жылғы 9 айдағы шешімдерінің орындалу мониторингі бойынша ақпарат және 2025 жылғы 3 тоқсандағы қоғамның тәуекелдерді басқару процесінің ағымдағы жай-күйі туралы есеп назарға алынды. Тәуекелдер тізіліміне өзгерістер мен қоғамның 2025 жылға арналған тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар жоспарына өзгерістер, толықтырулар қолдау тапты.
Қоғамның Директорлар кеңесінің, Басқармасының, Корпоративтік хатшысының сабақтастығын қамтамасыз ету саясаты және Қоғамның Ішкі аудит қызметі басшысының 2025 жылғы 3 тоқсандағы қызметінің негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша бағалау, сондай-ақ оның сыйлықақысы бекітілді.
Сонымен қатар, Қоғамның Директорлар кеңесі Комитеттерінің жаңа құрамы анықталды және Қоғамның Комплаенс офицері А.Ж. Сейтхожин тағайындалды, бұл ретте Қоғамның Директорлар кеңесінің 2025 жылғы 29 тамыздағы күн тәртібінің 7-мәселесі бойынша шешімі (№02-02/07 хаттама) жойылды.

Back to top button