«Ұлттық геологиялық қызмет» АҚ әлемдегі ең ірі аэрогеофизикалық сервистік компаниямен серіктестік орнатты
«Ұлттық геологиялық қызмет» АҚ Басқарма төрағасы Ерлан Ғалиев Брюссельге жұмыс сапары аясында Еуропалық комиссияның ұйымдастыруымен жыл сайын өтетін шикізат апталығына қатысты.
Raw materials Week форумының ашылуында әлемнің түкпір-түкпірінен серіктес елдер жиналды. Айта кететіні, мұндай ауқымды шарада алғаш рет Қазақстан күні өткізіліп отыр. Бизнес-форум аясында қатысушылар шикізат материалдары саласындағы серіктестікті талқылады. Сондай-ақ, «Ұлттық геологиялық қызмет» АҚ әлемдегі ең ірі аэрогеофизикалық «Хcalibur Multiphysics Group S. L» сервистік компаниясымен ынтымақтастық туралы келісімге қол жеткізді.
«Бүгінгі таңда Ұлттық геологиялық қызмет магниттік және қағаз тасымалдағыштар мен картридждерде бастапқы геологиялық ақпаратты цифрландыру бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр, ашық мәліметтер «MINERALS.GOV.KZ» ақпараттық платформасында қолжетімді болады. Құрметті әріптестер, Ұлттық геологиялық қызмет серіктестік орнатуға мүдделі компанияларға қосымша ақпарат беруге, ақпараттық-анықтамалық материалдар дайындауға және қызықтырған сұрақтарға жауап беруге дайын. Біз өз тарапымыздан инвесторларға қолайлы жағдай жасау үшін барлық қажетті шараларды қабылдаймыз», — деп атап өтті Ерлан Ғалиев.
Қазақстан жер қойнауының минералды ресурстармен байлығы бойынша әлемнің көшбасшы елдер қатарында. Барлығы мемлекеттік теңгерімде пайдалы қазбалардың 100-ден астам түрі бойынша 8 мыңнан астам кен орны ескеріледі.
Анықтама: көмірсутектер – 326, қатты пайдалы қазбалар – 920, кең таралған пайдалы қазбалар – 3 мыңнан астам және 4 мыңға жуық жер асты суларының кен орындары.
Қазақстан өз жер қойнауының минералды ресурстармен байлығы бойынша әлемдік көшбасшы елдер тобына кіреді. Мемлекеттік теңгерімде пайдалы қазбалардың 100-ден астам түрі бойынша 8 мыңнан астам кен орны бар. Қазақстанда кен орындарын игеру Еуроодақтың аса маңызды шикізатының 20 түрі бойынша жүзеге асырылады.