Жаңалықтар

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

«Ұлттық геологиялық қызмет» АҚ-да
Директорлар кеңесінің күн тәртібі мәселелері бойынша отырысы өтті

2025 жылғы 14 наурыз Астана қ.

2025 жылғы 14 наурыз «Ұлттық геологиялық қызмет» АҚ (бұдан әрі-Қоғам) Директорлар кеңесінің кезекті отырысы өтті, оған Директорлар кеңесінің келесі мүшелері қатысты: И.Ш. Шархан, Е.Е. Акбаров, Б.Х. Куандыков, А.Х. Сыздыков, А.Ж. Кушелеков, Е.Ф. Галиев.

Директорлар кеңесінің өткізілген отырысының қорытындысы бойынша мынадай негізгі шешімдер қабылданды:
Қоғамның тәуекелдерді басқару жүйесінің тиімділігін жақсарту жөніндегі 2025 жылға арналған тізілім, тәуекелдер картасы және іс-шаралар жоспары, Қоғамның ішкі бақылау жүйесі туралы ереже, Қоғамның Корпоративтік хатшысы мен омбудсменіне еңбекақы төлеу, әлеуметтік қолдау және сыйлықақы беру туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар, сондай-ақ Қоғам омбудсменінің 2025 жылға арналған қызметінің негізгі көрсеткіштерінің картасы бекітілді.
Қоғамның ірі мәміле жасасуы мақұлданды, 2023 жылғы сыртқы аудит нәтижелері бойынша түзету/алдын алу іс-шаралары жоспарының орындалуы бойынша ақпарат және ұсынымдарды ескере отырып, 2024 жылғы 4 тоқсандағы Қоғамның тәуекелдерді басқару процесінің ағымдағы жай-күйі туралы есеп назарға алынды.
Жоспар – кестеге сәйкес Директорлар кеңесі мен оның комитеттерінің, сондай-ақ Қоғамның Директорлар кеңесінің 2024 жылғы әрбір мүшесінің қызметіне бағалау (бұдан әрі-Бағалау) жүргізу туралы шешім қабылданды. Бұл ретте, жүргізілген Бағалау нәтижелерін Қоғамның Директорлар кеңесінің отырысында қарау және талқылау ұсынылды.

Back to top button