Жаңалықтар
Ұлттық геологиялық қызмет мамандары Micromine бағдарламасы бойынша кіріспе курсын аяқтады
22-26 қаңтар аралығында «Ұлттық геологиялық қызмет» АҚ-ның 18 қызметкері және Геология комитетінің 2 қызметкері «Micromine Орталық Азия» АҚ кіріспе курсын сәтті аяқтады. Оқыту бағдарламасы Micromine бағдарламасымен жұмыс істеу құзыреттілігін арттыруға және геологиялық талдаудың заманауи әдістерін тиімді пайдалануға бағытталған тақырыптардың кең ауқымын қамтыды.
Курс қамтыған негізгі тақырыптар:
- Micromine бағдарламасының интерфейсімен танысу.
- Нүктелер мен сызықтар сынды графикалық элементтермен жұмыс.
- Деректердің ішкі түрлерін және файл құрылымын зерттеу.
- Кестелік деректерді импорттау және мәліметтер базасын аналитикалық тексеру.
- Геологиялық мәліметтер базасында деректерді құру және визуализациялау.
- Базаға қосымша деректерді енгізу және кесу мен жоспарларда визуалды тексеру.
- Геологиялық жоспарлар мен кесулердің растрлық кескіндерін байланыстыру, үш өлшемді ортада бейнелеу.
- Жол файлынан кесінділер жасауды және векторлық деректерді импорттауды қоса, кесінділер салу.
- Топографиялық негізді импорттау және триангуляциялау.
- Топографиялық беті бар үш өлшемді ортада сынақ деректерін визуализациялау.
- Композициялау әдістері және құрамы бойынша композиттік интервалдарды есептеу (Қорлар жөніндегі мемлекеттік комиссия).
- Кен орнының геологиялық құрылымын тіліктер мен жоспарларда түсіндіру.
- Үш өлшемді ортада кен денелерін рамалық модельдеу.
- Сынақ аралықтарының үш өлшемді координаттарын құру.
- Көлемді бағалау және рамалық модельдер бойынша қорларды жылдам бағалау.
«Аталған курс мамандардың білімдерін жаңартуына, сондай-ақ жаңа дағдыларды күнделікті жұмыста қолдануға мүмкіндік береді», — деп атап өтті Мемлекеттік жер қойнауы қоры бірыңғай кадастр Департаментінің бас менеджері Нұргүл Маханова.