Без рубрикиЖаңалықтар
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
«Ұлттық геологиялық қызмет» АҚ-да
Директорлар кеңесінің күн тәртібі мәселелері бойынша отырысы өтті
2025 жылғы 03 қараша Астана қ.
2025 жылғы 03 қарашада «Ұлттық геологиялық қызмет» АҚ (бұдан әрі-Қоғам) Директорлар кеңесінің кезекті отырысы өтті, оған Директорлар кеңесінің келесі мүшелері қатысты: И.Ш. Шархан, Е.Е. Акбаров, Б.А. Тынысбеков, Б.Х. Сыздыков, А.Ж. Кушелеков, Е.Ф. Галиев.
Директорлар кеңесінің өткізілген отырысының қорытындысы бойынша мынадай шешім қабылданды:
Қоғамның Директорлар кеңесінің жаңа төрағасы-Қоғамның тәуелсіз директоры Арнұр Жолдыбекұлы Көшелеков сайланды.