News

«Бекжанов оқуларында» «Қазгеология» АҚ мамандары геологиялық барлау саласының инновациялық технологиясы туралы айтты

Бүгін Алматыда «Қазгеология» АҚ қызметкерлері «Қазақстанның геологиялық барлау жұмыстарындағы инновациялар мен перспективалы технологиялар» тақырыбында

Air Jordan 1 High OG OSB DIAN Blue Chill White CD0463-401 – Buy Best Price Adidas&Nike Sport Sneakers

халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.  Ол «Бекжанов оқулары» деп аталып, қазіргі замандағы аса көрнекті геолог Ғинаят Рахметоллаұлы Бекжановты еске алуға арналған. Ол көзі тірі болса 7 наурызда 90 жасқа толар еді.

Конференцияның жұмысына  Қазақстаннан, Қырғызстаннан, Өзбекстаннан, Ресейден және   Канададан 200-ден астам адам қатысуда.

Конференция Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің аясында өтуде. «Бекжанов оқуларының» ұйымдастырушылары – ҚР Минералдық ресурстар академиясы, «Қазгео» қазақ геологиялық қоғамы, сондай-ақ Қ.И.Сәтбаев атындағы Геология ғылымдары институты. Конференцияның жұмысына  «Қазгеология» АҚ-тың бас геологы Берікбол Хамзин қатысты. Ол «Геология саласындағы жобаны басқару», «Жария геологиялық есептіліктің халықаралық стандарттарына көшу мәселелері» тақырыптарында оқулар шеңберінде өткізілген дөңгелек үстелдерге қатысты.

«Қазгеология» АҚ-тың мамандары конференцияда геологиялық барлау жұмыстарындағы инновациялық технологияларға арналған баяндамалар жасап, оларды жұмыс процестерінде, атап айтқанда, геофизикалық зерттеулерде пайдалану туралы айтты. Мысалы, жалпы отырыста «Қазгеология» АҚ-тың геофизиктері Сергей Беляков пен Махамбет Пайдин баяндама жасады.

Конференцияда барлығы 30-ға жуық ауызша және 30-дан астам стендтік баяндамалар жасалды. Олардың ішінде «Қазгеология» АҚ-тың Геология департаментінің директоры Павел Ниценконың баяндамасы бар. Баяндама Оңтүстік Балқаш өңірінде ГГК-200 өткізу үлгісінде геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу кезінде компьютерлік қолдау көрсетудің жұмыс тәжірибесіне арналған.

«Бекжанов оқуларының» қатысушылары геология саласындағы инновациялық технологиялар мен тиімді әдістер туралы ақпарат алу әрі оларды талқылау бойынша осындай іс-шараларөткізудің маңызын атап өтті.

Back to top button