АКБАРОВ Ерлан Есенәліұлы
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитетінің Төрағасы
Директорлар кеңесінің құрамына сайланған күні: Қоғамның Жалғыз акционерінің 26.04.2023 ж. шешімімен (№21-нқ бұйрығы) және Жалғыз акционердің 17.05.2023 жылғы шешімі (№50-нқ бұйрығы) қайта сайланды.
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Туған жылы: 25.04.1975
Білімі: 1998 жылы Қазақ ұлттық техникалық университетінің «Мұнай және газ геологиясы» мамандығы бойынша, 2010 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетін «Экономика» мамандығы бойынша, 2018 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін «Металлургия» мамандығын бітірген.
Жұмыс тәжірибесі:
1998-2002 жылдары – өндіру операторы, бұрғылаушының көмекшісі, инженер-геолог, «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Бұрғылау» ЖШС ЦИТС бастығының орынбасары;
2002-2005 жылдары – «Қазбургаз» АҚ «Қазбургаз – Тараз» филиалының инженер-геологы;
2005-2007 жылдары – «ҚазТрансГаз» АҚ «Амангелді Газ» ЖШС Геология және әзірлеу бөлімінің бастығы;
2007-2009 жылдары – «ҚазТрансГаз» АҚ «Амангелді Газ» ЖШС Бас директорының орынбасары;
2009-2012 жылдары – «ҚазТрансГаз» АҚ «Амангелді Газ» ЖШС Бас директоры;
2012-2013 жылдары – «Caspian Contractors Trust» ЖШС Бас директорының орынбасары;
2013-2018 жылдары – «Caspian Contractors Trust» ЖШС Бас директоры;
2018-2019 жылдары-Алматы қаласындағы «Оңтүстік қазжерқойнауы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің Оңтүстік Қазақстан өңіраралық геология және жер қойнауын пайдалану департаменті басшысының орынбасары, басшысы;
2020-2021 жылдары – «Қазгеология «Ұлттық геологиялық барлау компаниясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары;
2021-2022 жылдары – «ҚАЗКЕНГЕО» ЖШС директорының орынбасары;
2022 жылдың қазан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитетінің төрағасы.
Компанияның акцияларына, сондай-ақ, компанияның жеткізушілері мен бәсекелестеріне иелік: жоқ