Новости

Қоғамдық кеңесінің құрамын қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу конкурсы / Конкурс по отбору членов Рабочей группы по формированию состава Общественного совета Общества

«Ұлттық геологиялық қызмет» акционерлік қоғамы (бұдан әрі Қоғам) қоғамның қоғамдық кеңесінің құрамын қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша (2015 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық кеңестер туралы» ҚР Заңына және 2021 жылғы 26 ақпандағы №69 Қоғамдық кеңес туралы Үлгілік ережеге сәйкес) конкурс өткізу туралы хабарлайды.

Конкурс Қазақстан Республикасының азаматтары мен коммерциялық емес ұйымдарының өкілдері арасында өткізіледі.

Құжаттар 2023 жылғы 8 қараша-13 қараша аралығында қабылданады.

Жұмыс тобының сандық құрамы 10 адам, оның ішінде 2 – мемлекеттік органның өкілдері, 6 – коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, Қазақстан Республикасының азаматтары, 2 – қоғамның өкілдері.

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар ұсынылады:

  • Жұмыс тобының құрамына кандидатураны ұсыну туралы азаматтың өтініші (1-қосымша);
  • Өмірбаяндық деректерді көрсете отырып, кандидаттың кәсіби және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
  • Коммерциялық емес ұйымның жұмыс тобының мүшелігіне кандидатура (бар болса) ұсыну туралы жазбаша ұсынысы;
  • сотталғандығы болуы немесе болмауы туралы анықтама;

·         психикалық, мінез-құлық бұзылыстарының (ауруларының), оның ішінде психоактивті заттарды қолдануға байланысты болуы не болмауы туралы анықтама;

·         Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі.

Жұмыс тобының отырыстарына қатысуға үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың өкілдері болып табылатын дауыс беру құқығы жоқ байқаушылар жіберілетініне назар аударамыз.

Жұмыс тобының отырысына байқаушы ретінде қатысу үшін байқаушы болуға ниет білдірген адам нысан бойынша өтініш береді (2-қосымша).

Байланыс деректері: «Ұлттық геологиялық қызмет» акционерлік қоғамы мына мекенжай бойынша: Қазақстан Республикасы, 0100000, Астана қаласы, «Сарыарқа» ауданы, А. Мамбетов көшесі, 32

тел.+7(7172) 57-93-34 (ішкі 8001), delo@geology.kz

 

+77015664777, B.Tokaeva@geology.kz

 

 

 Акционерное общество «Национальная геологическая служба» (далее — Общество) объявляет о проведении конкурса по отбору членов Рабочей группы по формированию состава Общественного совета Общества (в соответствии с Законом РК «Об общественных советах» от 2 ноября 2015 года и Типовым положением об Общественном совете от 26 февраля 2021 года №69).

 Конкурс проводится среди граждан и представителей некоммерческих организаций Республики Казахстан.

 Документы принимаются в течение 8 ноября – 13 ноября 2023 года.

 Количественный состав рабочей группы 10 человек, из которых 2 – представители государственного органа, 6 – представители некоммерческих организаций, граждане Республики Казахстан, 2 – представители Общества.

 Для участия в конкурсе предоставляются следующие документы:

 •        Заявление гражданина о выдвижении кандидатуры в состав Рабочей группы по форме (приложение 1);

 •        Сведения о профессиональной и (или) общественной деятельности кандидата с указанием автобиографических данных;

 •        Письменное предложение некоммерческой организации о выдвижении кандидатуры (при наличии) в члены Рабочей группы;

 •        справка о наличии либо отсутствии судимости;

 •       справка о наличии либо отсутствии психических, поведенческих расстройств (заболеваний), в том числе связанных с употреблением психоактивных веществ;

 •        Копия удостоверения личности гражданина Республики Казахстан.

 Обращаем внимание, что к участию в заседаниях Рабочей группы допускаются наблюдатели без права голоса, являющиеся представителями неправительственных организаций, средств массовой информации, государственных органов, международных организаций.

 Для присутствия на заседании Рабочей группы в качестве наблюдателя лицо, изъявившее желание быть наблюдателем, предоставляет заявление по форме (приложение 2).

Контактные данные: акционерное общество «Национальная геологическая служба» по адресу: Республика Казахстан, 0100000, город Астана, район «Сарыарка», ул. А. Мамбетова, зд. 32

 тел.+7(7172) 57-93-34 (вн.8001), delo@geology.kz

+77015664777, B.Tokaeva@geology.kz

 

pdf Приложение 1 pdf Приложение 2

Back to top button